ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

СҚОда инженерлік кадрларды дайындайтын колледждің іргесін қалаушы Қайырбек Оразовтың құрметіне, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мемориалды тақта ашылды

21:15, 28 сәуір 2016

Өңірімізде техникалық-инженерлік мамандарды дайындап, өндіріс саласына мықты жұмысшыларды шығарған академик, көзі тірі болса,70 жасқа толар еді. Жерлесімізге құрмет көрсетуге облыс әкімі, жары мен балалары және әріптестері, шәкірттері келді.

Қайырбек Оразов Аққайың ауданы, Дайындық ауылының тумасы. Аралағаш орта мектебінде 7 жыл оқып, кейін облыс орталығындағы мектеп-интернатты алтын белгімен бітірген. Талабы зор ол, Мәскеу қаласындағы Бауман атындағы жоғары оқу орнын тәмәмдайды. Кейін еңбекке араласып, артынан жақсы іс қалдыру үшін тер төккен. Еңбегі зая кетпегенін енді көруге болады. Жерлес академикті еске алып, оның құрметіне мемориалды тақтаны ашуға облыс әкімі Ерік Сұлтанов та келді. Олар тек бір өңірдің тумасы ғана емес, депутаттық қызметті бірге атқарып, әріптес болған.

Өз білгенін өзгелерге үйретуді парызы деп білген Қайырбек Оразов, қарапайым оқытушыдан факультет деканы, кейін қарағанды политехникалық институтының Петропавлдағы бөлімшесіне жетекшілік етті. Жастарды білім мен ғылымға баулыған техника ғылымдарының докторы Қайырбек Оразов көзі тірі болғанда 70 жасқа толар еді. Өкінішке орай ол 2001 жылы 55 жасында дүние салды. Жерлесіміздің атын ұмытпас үшін, облыс азаматтары мемориалды тақта орнатуда. Оны өңір басшысы мен ғалымның жары Сапура Оразова ашты.

Қайырбек Оразов өзін білім жолына берген жан дейді жұбайы Сапура Оразова. Үш баланың әкесі  үй шаруасын жарына сеніп тапсырған екен. Оның бар ойы, өзіне жүктелген міндетті мінсіз орындау болатын деп еске алады Сапура Оразова. 

Қайырбек Оразов  өңірімізде инженерлік-техникалық мамандарды даярлауды қолға алған жан. 1981 жылы жоғары  арнайы мамандық ашып, өндіріске  қажетті қызметкерлерді оқытады. Материалдық-техникалық базаны жақсартып, сырттан оқытушыларды шақырта бастайды.

Жерлес академик 15 жыл бұрын дүниеден озды. Артынан өшпес із қалдырған Қайырбек Оразұлы 35 ғылыми-әдістемелік еңбектердің, 2 монографияның 4 кітап пен 50ден астам ғылыми зерттеулердің авторы. 

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...