ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы 2 өңір тұрғынына берілді

21:30, 23 тамыз 2016

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қайырлы Едіресов пен Иван Квашинды мерейтойларымен құттықтады. Тоқырау жылдары аймақтың гүлденуіне ат салысқан олардың еңбегі өлшеусіз. Қайырлы Едіресов биыл 70-ке келсе, Иван Квашин 80-нің сеңгіріне шықты. Өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға Солтүстік Қазақстанның құрметті азаматы атағы берілді.

Облыс әкімдіктің мәжіліс залына Қайырлы Едіресов пен Иван Квашинмен көп жылдар бойы бірге жұмыс істеген азаматтар жиылды. Салтанатты жиында бірінші болып сөз алған аймақ жетекшісі Ерік Сұлтанов мерейтой иелерін құттықтады.

Қайырлы Едіресов пен Иван Квашин облыстың дамуына сүбелі үлес қосқан жандар. Бүгінде олардың еңбегі кез келген азамат үшін өнеге. Облыс мәслихаты депутаттарының шешімен жерлестерімізге Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағы берілді. 

Бұл күні мерейтой иелерін құттықтауға көп адам жиналды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласына жаңа дем берген жерлестеріміздің атқарған жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай. Қайырлы Едіресұлы еңбек  жолын 1966 жылы Николаев орта мектебінде ұстаздықтан бастаған болатын. Кейін басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Аймақтың өсіп өркендеуіне ат салысқан Қайырлы Едіресұлының еңбек өтілі 50 жыл. Ол «Құрмет» ордені, «Еңбегінде ерекшеленгені үшін» медалі, «құрметті ардагер» сынды төс белгілердің иегері. Бүгінде қария 70-тен асса да, әлі тың.

Ал Иван Квашин биыл 80-нің сеңгірінен асты. Есіл ауданы Ильинка ауылының тумасы көпбалалы отбасынан шыққан. Өз өмірін ауыл шаруашылығы саласына арнаған. Қарапайым агрономнан, кейін жоғары лауызымдағы басшылық қызметтерге дейін өсіп жұмыс істеген. Бүгінде еңбегінің жемісін көріп отыр.

Салтанатты жиында мерейтой иелеріне сый-құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Шара соңында жиналған қауым естелік бейнесуретке түсті.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...