ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысының өркендеп дамуына мыңдаған жерлестеріміз өз үлестерін қосты

18:10, 22 сәуір 2016

Күні-түні жерлестеріміз өндірісте, станок басында, басқа ұйымдарда тынымсыз еңбек етті. Олардың қатарында соғыс ардагері, ҚазССР-дің құрметті машина жасаушысы Степан Башкиров та бар. Бүгінгі «Мұнаймаш» зауытында қария 40 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті.

Степан Башкиров қалалық демалыс саябағында серуендегенді ұнатады. Әсіресе Тәуелсіздік стелласының  маңына жиі келеді. Қария туған облысының қалану кезін ерекше тебіреніспен еске алады. Еңбек жолын ол 16 жасынан  сол кездегі  атқарушы механизмдер зауыты,  қазіргі Мұнаймаш  зауытынан бастаған.  Соғыс жылдары Степан Башкировтың үзеңгілестері  сұм майданға аттанды. Ал сол кездегі жас маманды зауытта қалдырды. 

Бір жылдан соң Степан Башкиров  күшейтілген атқыштар взводын басқарды. Оның қарамағында 28 адам болды. Сол жылдары әскери іс-қимылдардағы көрсеткен ерен еңбегі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Степан Федорович ұлы жеңісті Чехияда қарсы алды. Соғыстан соң ол еліне 6 орденнің кавалері болып туған зауытына оралды. Кәсіпорында слесарь болып жұмыс істеді.  

Степан Федорович зейнет демалысына 78 жасында шықты. Бүгінде қария зауытты өмірінің ажырамас бөлігіне балайды. 9-шы мамыр күні ардагер мәңгілік алау монументіне келіп, қаза тапқан майдангерлерді еске алмақ ойы бар. 

90 жасқа келгенмен ардагер әлі тың. Бос уақытында спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанады. Облыста болып жатқан барлық өзгерістерден хабардар. Өңір үшін мерейлі жылы Степан Башкиров аймағымыздың одан әрі өркендеп- гүлдене түскенін қалайды.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...