ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Тағдыр жазуы – журналист болу

18:00, 19 тамыз 2016

Бір кездері телеарна мен радиодағы бағдарламалар тек тікелей эфирде шығатын еді. Ол кезде хабарлар ақ-қара пленкалы камераларға жазылатын. Осы жылдары облыстық телерадиоарнаға Федор Иванович Денисенко режиссердің көмекшісі ретінде қабылданды. Осылайша 18 жасар жас маманның өмірі журналистика саласымен тоғысты. Бүгін өңірге танымал тілші, бас редактордың облыстық телеарнада еңбек етіп жүргеніне 40 жыл толып отыр.

Өмірде бірі ғарышкер, енді басқалары өрт сөндіруші болуды армандаса, Федор Ивановичтің арманы  телерадио саласында қызмет ету болды. 40 жыл бұрын сол кездегі жас маманды тағдыр журналистика саласымен қосты.   Федор Иванович еңбек жолын режиссердің көмекшісі ретінде бастаған. Телеоператор ассистенті болып та  қызмет етті. Кейін жас маман үшін жаңа ғажайыпқа толым әлем ашылды. Ол радио  еді. Жылдар өтіп, Федор Денисенконың аты облыстық радионың хабарлары арқылы  танылды. Сол кезде   жас журналистің даусы  солтүстікқазақстандық радионың өзіндік «брендіне» айналды. 

Федор Ивановичтің  қызметі оның тыңдармандарымен жоғары бағаланды. Өз еңбекқорлығының арқасында қазіргі уақытта  «Қазақстан – Петропавл» арнасының бас редакторы әріптестері мен жерлестері арасында сый-мадаққа ие.

Журналистика саласына өмірінің 40 жылын арнаған Федор Ивановичтің есінде талай оқиғалар сақтаулы. Өз еңбек жолында ол облыстың әр ауданы мен ауылында болып, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Осы уақыт аралығында Федор Денисенко журналист бола тұра, бірқатар азаматқа көмегін тигізді. Бұқараның қайғысына ортақтасып, қуанышын бірге бөлісті. 

Қазірде облыстық телерадиоарнаның бас редакторы өскелең ұрпаққа  білген-түйгенін үйретіп жүр.  Кәсіби  маманның  еңбек жолы  жас журналисттер үшін өнеге. 

Федор Денисенконың айтуынша, журналистика бұл жұмыс емес, ол өмір.

 

Азамат ЖАНТУРИН

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...