ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Дайындық ауылының тумасы Айтолла Сағындықов 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды

13:30, 29 желтоқсан 2015

Марапатты қарапайым еңбек адамы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алып отыр.

Айтолла Сағындықов- ауыл адамы, еңбек адамы. 1979 жылдан бері трактор мен комбайнды тізгіндеп келеді. Көктемгі дала жұмыстары мен күзгі орақ науқанының басы-қасында жүреді. Мен ауылдан тек оқу мен әскерге бару үшін ғана кеттім, қалған кезде осы Дайындықтан шет шыққан емеспін дейді кейіпкер. Елден кету ойында да жоқ. Себебі, жұмыс бар, жағдай жасалған.  Ауыл адамадарының еңбегін Елбасы өзі атап өткеніне Айтолла Құрзанұлы дән риза.

Айтолла Сағындықовтың еңбегі осыған дейін де бірнеше рет еленіп келіпті.  Президенттің Құрмет грамотасымен,ауылшаруашылық министрлігінің еңбек даңқы орденін алыпты.

Кеңес үкіметі кезінде кеңшарда, кейін Дайындық ЖШС еңбек етіп жүрген Айтолла Құрзанұлы жайында әріптестері де, ауылдастары да жақсы пікірде. Айтуларынша, ол қарапайым, еңбекқор жан. Әрі жұмыстың ауыр-жеңілін таңдамайды дейді.

Кейіпкеріміз жастардың да еңбекқор болуын қалайды. Сондықтан  ұлы да туған жерінде жұмыс істеуде. Болашақта, ұрпағының еңбек адамы болып, елге сыйлы азамат болуына тілектес.

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...