ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСҚА 24 ЖЫЛ

18:08, 20 қараша 2019

Қарашаның 21-нен бастап «Қазбат» көркем фильмі көрерменге жол тартпақ. Фильм 90 жылдары Тәжік-Ауған шекарасында болған қанды қақтығыс жайында баяндалады.   Ұлттық ұлан әскери институтының өкілдері қайғылы оқиғада қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері де  қатысып, ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.


1995 жылдың 7 сәуірі ел тарихында қаралы күндердің бірі болып қалды. Осыдан 24 жыл бұрын Тәжікстан Республикасының Пшихавр таулы шатқалында  әскерилер мен моджахедтер  арасында 4 сағаттан аса уақытқа созылған ауыр  ұрыс болды. Сол  шайқаста әскери борышын өтеп жүрген  қазақстандық 17 жауынгер қаза тапты. Тағы 40-қа жуық сарбаз  түрлі ауыр жарақат алды. Петропавлда осы қанды қырғында қаза тапқандардың құрметіне ескерткіш қойылған. Бүгін жиналған қауым осы ұрыста ерлік көрсеткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Осы тарихи оқиғаға байланысты Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тапсырысы бойынша көркем фильм түсірілді.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қазбат» кинокартинасы 90-жылдары Тәжік-Ауған шекарасында болған қанды қақтығыс негізінде түсірілді. Біз өз батырларымызды ешқашан ұмытпауымыз қажет. Олардың ерліктері мәңгі жадымызда.  Жалпы, 1993 жылдан бастап Тәжік-Ауған шекарасында тоғыз жарым мыңнан астам  қазақстандық жауынгер  отан алдындағы борышын өтеді. 

Соғыста шейіт болған азаматтардың құрметіне үш дүркін оқ атылып, құрмет көрсетілді.

Айта кету қажет,  «Қазбат» кинокартинасы қалың көпшілікке қарашаның 21-і күні жол тартпақ. Туынды Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...