ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

Туған жерін жырға бөлеген

17:53, 26 қыркүйек 2016

Облысымыздың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан азаматтарымыз өңірімізде асып артылады. Ақын, ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі Мүтәллап Қанғожин кезінде қаламызда қазақ сыныптарымен мектептерін ашуға ұйытқы болғандардың бірі де бірегейі.

Өңірімізге танымал ақын Мүтәллап Қанғожинның еңбек жолы трактор тіркеушісінен басталған. Кейін мектеп мұғалімі, комсомол қызметкері ал 1966-1998 жылдары аралығында  жергілікті телеарнадақатардағы  редактордан телеарна басшысы қызметіне дейін көтеріледі.

Ақынның әдебиетке деген құштарлығы бастауыш сыныпта оқып жүргенде басталған.Оның бұл кезде  Жамбыл Жабаевтың шығармаларын оқуға әуестігі басым болған.Қаламгердің өлеңдеріне ақиық ақын Мұқағали Мақатаев та жақсы бағаберген. Атағынан ат үркетін азаматтардың батасын алған Мүтәллап Қанғожинның әдебиетте жұлдызы жарқырай түсті. Қазір ақынның «Аққайыңдар аралы»,«Қызылжар», «Көкорай шалғын», «Жолды өзек», «Өмірім менің»атты кітаптары көпшілікке жақсы таныс.

Бойындағы дарынымен, қаламының қуатымен қазақ поэзиясына үн қосып келе жатқан ақын Мүтәллап Қанғожиннің облысымызға сіңірген еңбегі зор. Қазақ тілі қоғамының облыстық ұйымы басқармасының төрағасы кезінде ол қазақ сыныптары мен мектептердің ашылуына ұйытқы болған. Ғалым Тұрсынбек Кәкішев: «Қызылжар өңірін әрқашан жырлап, намысын жыртып жүретін азаматтығың үшін сыртыңнан сүйсініп жүремін.»  -деген екен.

 Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...