ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЗАРЛЫ ЗАМАН ЗАРДАБЫ

17:16, 29 мамыр 2020

Мамырдың 31-і саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл дата Елбасының жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Солақай саясаттың салдарынан елімізде 100 мыңнан астам адам сотталып, оның 25 мыңнан астамы атылды. Ел басына төнген осындай зұлмат Солтүстік Қазақстанды да айналып өтпеді.

Болат Сағындықовтың әкесі қудалауға ұшырап, ату жазасына кесілген. Болат Мағазұлы ол кезде нәбәрі бір жаста болыпты. Кейін, ес кіріп, ер жеткелі әкесі жайлы мағлұмат іздей бастайды. Бармаған жері баспаған тауы жоқ.

БОЛАТ САҒЫНДЫҚОВ, «ПАМЯТЬ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Карлагқа барыңыз кітаптан көріңіз деп. Бардым кітап жоқ. Содан қорымға апарды. Бір зират бар екен, онда әйелдер мен балалар. Басқа жақта военный пленныйлар. Сосын бір қорымды көрсетті. Міне, осында қойылған деп. Барсақ төмпешіктер жатыр зираттың. Аты-жөні  ешқандай белгі жоқ. Содан мен елден апарған топырағымды салып, дұға оқып, одан топырақ алып, елге әкеліп, мында ескерткіш қойып, құран оқып ас беріп.»

Болат Мағазұлы өңірде «Память» қоғамдық қорын құрған азамат. Ол қор 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ақсақалдың бастамасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мемориалды кешен де ашылды. Мүтәлап Сүлейменовтың әкесі Хаернас Сүлейменов 1913 жылы Омбы облысында дүниеге келген. Сол жақта балаларды ілім-білімге үйреткен. Бірақ, 1937 жылы Сталиннің саясатына қарсы шығып «халық жауы» атанған.

МҮТӘЛАП СҮЛЕЙМЕНОВ, Х. СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ БАЛАСЫ:

«Менің әкем 10 жылға сотталып, өмірінің 9 жылын темір тордың ар жағында өткізді. Көптеген қиыншылықты бастан өткерді. Босап шыққаннан кейін де оған оңай болған жоқ. Оны мәжбүрлі түрде Балқашқа жіберді. Сосын барлығы орнына келгеннен кейін 1957 жылы өзінің туған жеріне емес, Солтүстік Қазақстан облысына көшті. Мен М.Жұмабаев ауданында дүниеге келдім. Жалпы, әкем көзі тірісінде бастан кешкен ауыртпалықтарын  көп айта бермейтін.»

Репрессия жылдары Кеңестік билік ешкімді де аяған жоқ. Алаш қайраткерлері солақай саясаттың құрбаны атанды. Солардың қатарында Смағұл Сәдуақасов та болды.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Смағұл  Голощекиннің саясатына ашық түрде қарсы шықты. Голощекинді түрлі жиналыстарда қатал түрде бетіне айтқан сөздерін ұнатпай, оны қуғынға салып, ол өз елін тастап Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Сол жерде жоғары оқу орнын бітіреді темір-жол институтын. Сонда инженер болып жүргенде қайтыс болды. Қайтыс болуына байланысты мәліметттер әзірше іздестіру үстінде. Яғни, біз айтамыз бұл да осы саяси қуғын-сүргіннің біреуі деп айтамыз.»

Өңірге репрессия жылдары 130 мыңнан астам өзге ұлы өкілі  жер аударылды.  Бұл тақырыпты «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрағасы Гүлбақша Мұсабаева 90-шы жылдан бастап зерттеп келеді екен. Айтуынша, солақай саясаттың салдарынан Қазақстанда ашаршылық болып, көптеген адам қаза тапты.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «ҰРПАҚ» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ашаршылықтан біз 50 % халқымыздан айырылып қалыппыз. 1 миллион 200 мыңдай басқа елдерге кеткен отбасыларын сақтау үшін. Содан кейін респрессияға біздің зиялы қауым ұшырады. Сонда мен аса қазақшаға да ашық емеспін да. Сонда менің жүрегім ашылып, осындай өлең жүрегімнен шықты. Халық, халық жауы болып қалмайды, қойған тас өмірге қайтармайды. Тарихынды, дінінді, тілінді, құқығынды, өзін сыйламасын басқа жұрт сыйламайды.

1936-1937 жылдары облыста 140 адам партиядан шығарылып, тұтқындалды. 67-сі «халық жауы» деп танылды. Сондай-ақ, өңірде 7614 адам қуғынға ұшырады. Оның 1464-і ату жазасына кесілген

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...