ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Жамбыл ауданы тумасы, кәсіпкер, депутат Екпін Әбиев «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағын иеленді

21:30, 21 желтоқсан 2015

Бұл қуанышты сәт кәсіпкердің бизнесті қолға алғанына 20 жыл толу датасымен тұспа-тұс келіп отыр. Кәсіпкер осы уақыт аралығында Пресновка және Благовещенка ауылдарында бірнеше дүкен мен дәмхана ашып, 50-ден аса азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған.

«Екпін 2002» ЖШС директоры – Екпін Әбиев 1959 жылы туған. 20 жыл бұрын өз кәсібін дүңгіршек ашудан бастап, бүгінде тасы өрге домалап, халықтың алғысына бөленіп жүрген жандардың бірі. Кәсіпкерлігінің 20 жылдық мерейтойын ауыл тұрғындарымен бөліскен кәсіп иесін облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев құттықтады.

Айта кету керек Екпін Әбиев облыстық мәслихаттың бірнеше шақырылымның депутаты болып, халықтың өтінішін билікке жеткізуші халық қалаулысы да болды. Содан болар аймақ басшысының орынбасары Мұхтар Манкеев кәсіпкер Екпін Әбиевке «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» төсбелгісін тағып, бұл құрмет көпжылдық еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

Екпін Әбиұлы – 2009 жылы «СҚО үздік кәсіпкері» атанса, 2014 жылы Қазақстанның «Даңқ» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленген. Бұл күні ол кәсіпкерлік жолында қолдау көрсете білген жұмысшыларын да назардан тыс қалдырмай, бірнешеуіне сұйық кристалды теледидар табыс етті.

Атаулы күні кәсіпкерді бизнестегі әріптестері де ұмыт қалдырмай құттықтай келіп, қуанышына ортақтаса түсті. Ал Екпін Әбиев Благовещенка орта мектебіне «Отау ТВ» қондырғысы мен 5 жұп коньки тарту етті.

 

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...