ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

Жазитова Фариза Қамидоллақызы: "Алынбайтын асу жоқ"

11:10, 20 сәуір 2016

Мен, Жазитова Фариза Қамидоллақызы 1991 жылы 2-қаңтар СҚО Тимирязев ауданында дүниеге келдім.

2008 жылы Петропавл қаласындағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатын тәмамдадым. Сол жылы өнер колледжінің «Драма актері» мамандығына оқуға қабылданып, аталмыш білім ордасын 2011 жылы аяқтадым. Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы «Көкше» академиясында «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын меңгердім.

Бала кезімнен республикалық телеарналардан танымал дикторларды көріп өскендіктен, жастайымнан журналист болуды армандайтынмын. Тілеген мамандығыма оқуға түсе алмасама да, арманыма қол жеткізу мақсатында 2011 жылдың ақпан айында облыстық «Қазақстан-Петропавл» арнасына келдім. Жарты жыл тәжірибеден өтіп, тілегіммен ниетімнің, «журналист болсам» деген ынтамның арқасында аталмыш телеарнаға шығармашылық топ редакторы ретінде жұмысқа қабылдандым.

Осы күнге дейін балаларға арналған - «Айгөлек», әскери патриоттық «Сарбаз», «Мәслихат», бағдарламаларының авторы әрі жүргізуші  болдым. Қазіргі таңда «Мәдениет тынысы», «Ғұмыр дария» бағдарламаларының және «Поэзия, менімен егіз ба едің» жобасының авторы әрі жүргізушісімін. Әр бағдарламамды көрермендерге қызықты етіп, жаңа тұлғалармен таныстыруға тырысамын. Сондай-ақ, «Ақпарат» жаңалықтар қызметінің редакторымын. 2012 жылы «КазФонд» ұйымы өткізген облыстық БАҚ өкілдері арасындағы байқауда «Әскери патриоттық тақырыптағы ең үздік бейнебаян» номинациясында жеңімпаз атандым. Біздің қызмет – шығармашылықты, жан-жақтылықты, жылдам әрекет етіп, әрқашан оқиға ортасында болуды талап етеді. Мен өз жұмысымды жақсы көремін, әрі мақтан тұтамын. Мақсатым: таңдаған жолымнан таймай, журналистика саласының үздік маманы болу.

Дауыс беру үшін: http://vote.kaztrk.kz/15/

 

Тақырып бойынша материалдар

Сапаралы Самат Өмірбекұлы: "Талапты ерге нұр жауар"
11:37, 20 сәуір 2016
Сапаралы Самат Өмірбекұлы: "Талапты ерге нұр жауар"
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...