ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ

13:05, 30 қараша 2021

Петропавлдағы №2 емханада 200-ге жуық адам "Comirnaty" вакцинасының бірінші компонентін алды. Коронавирусқа қарсы екпе қойдырғандардың басым бөлігі - жасөспірімдер. Бүгін аталған емдеу мекемесіне барып, індеттің алдын алу шарасымен танысып қайттық. Сюжетке назар аударайық!
Дима Федорченко 15 жаста. Бүгін ол ата-анасының рұқсатын алып, емханаға вакцина қойдыруға келді. Бұндай жауапты қадам жасауға обтасында болған жағдай себеп.

Дмитрий Федорченко, оқушы:
- Әжем Алматыға барып келген соң өзін жайсыз сезінді. 
Денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті. Коронавирус жұқтырып алған екен. Емдеу мекемесінде 1 аптадай жатты. Дәрігерлер қанша ем жасаса да нәтиже болмады. 5 күннен кейін әжемнің қайтыс болғаны жайлы хабар келді.

Дима - сыныбында вакцина алған жалғыз оқушы. Ол достарын да иммундау шарасынан өтуге шақырады. Ата-анасы мен аға-әпкелерінің барлығы екпе салдырған.

Елена Федорченко, Дмитрийдің анасы:
- Облыстағы эпидахуалдан хабардармыз. Өңір республика бойынша жалғыз «қызыл» аймақта. Қазір ауырып жатқандардың саны өте көп. Балаларды вакциналау науқаны басталған кезде бірден рұқсатымды бердім. Ұл-қыздарымның өздері де ниет танытты. Екпе алу - коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы.

Бүгін №2 қалалық емханада 6 адам "Comirnaty" вакцинасының бірінші құрамын қабылдады. Олардың 4-еуі оқушы болса, қалғаны - бала емізетін әйелдер.

Галина Лукашевич, №2 қалалық емхананың инфекционист-дәрігері:
- Күніне 12 
- 18 адамға дейін екпе қоямыз. Вакцина алғысы келетін оқушылар мен аналардың саны көбейіп келеді. Біз тұрғындарды алдын ала жазылу бойынша қабылдаймыз. Балаларды ата-аналарының рұқсатымен ғана иммундаймыз. Вакцинадан қорқудың еш қажеті жоқ. Ол адамның денсаулығына зиян келтірмейді.

Жалпы, бүгінге дейін №2 қалалық емханада 200-ге жуық адам "Comirnaty" вакцинасын қабылдаған екен. Олардың қатарында 3 жүкті әйел және 1 бала емізетін ана бар. Қалғандары - жасөспірімдер.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 24 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
17:16, 24 қаңтар 2022
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
17:15, 24 қаңтар 2022
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...