ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕШЕНДЕ ЕКПЕ САЛДЫРТУҒА БОЛАДЫ

20:41, 5 мамыр 2021

Қазіргі таңда Петропавлда қосымша екпе егу пункттерінің саны 28. Ал, облыс бойынша тұрғындар 90 қоғамдық орынға барып ковид-19-ға қарсы өздері таңдаған вакцинаны салдырта алады. Мұнымен қоса мамырдың 6-нан бастап қала бойынша 3 жылжымалы екпе егу пункттері жүрмек. Олар қай аудандарда жұмыс істейді? Келесі бейнесюжетке зер салайық.

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соған қарамастан мамандар облыс тұрғындарын сақтық шараларын барынша ұстануға шақырады. 2020 жылдың наурыз айынан Солтүстік Қазақстанда ковид-19 вирусын жұқтырудың  14 мың 70  жағдайы тіркелді.  Бүгінгі күні КВИ-ге қарсы вакцинация қарқын алды. Ол үшін Петропавлда денсаулық сақтау мекемелерінде, спорт нысандарында, мәдениет ошақтарында және сауда-саттық орталықтарында  28 вакцина салу орындары ұйымдастырылды. Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша мұндай пункттердің саны 90-ға жетіп отыр.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Қазіргі уақытта 1-ші компонентті 45 мың 153 адам, екінші компонентті 15 мың 103 жерлесіміз салдырты. Соның ішінде Отандық казвакпен 815 адам егілді. Вакцинациядан өту азаматтарға өздерің және жақындарын коронавирус инфекциясынан қорғап қана қоймай сонымен қатар бірқатар артықшылықтар береді. Мәселен, екпе алудың толық курсынан өткен тұрғын шетелге ПТР анықтамасыз бара алады. Сондай-ақ, эпидемиологиялық ахуал нашарлап жатса қызметкерлер қашықтағы жұмыс форматына көшірілмейді. Ковид-19 вирусын жұқтырып алғандармен байланыста болған жандар 14 күндік карантинге жатпайды.

Мамырдың 6-нан бастап облыс орталығында 3 жылжымалы кешен жүрмек. Яғни тұрғындар көлікті көрісімен төл құжатымен жылжымалы пунктке барып коронавирусқа қарсы екпе салдырта алады.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 3 жылжымалы кешенде қалалық 3 емхананың мамандары жұмыс істейді. Жерлестеріміз қалалық орталық саябақта, «Береке» ықшам ауданында, 20-шы шағын ауданында жүретін жылжымалы екпе егу пункттеріне бара алады. Бұл ең алдымен қарт адамдар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалып отырған іс-шара. Себебі әрине біз түсінеміз бұл кісілерге емханаға, сауда-саттық орындарына бару қиын.

Бұдан бөлек бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес мамырдың 6-нан бастап  санитариялық талаптарды ескере отырып сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне  уақыт шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріліп, қоғамдық тамақтану нсындардың жұмыс уақыты сағат 2-ге дейін ұзартылды, боулингтер мен компьютерлік клубтар келушілер санын 30% -дан асырмай жұмыс істейді.  Және де өңірге БАӘнің хаят вакс вакцинасының 13мың дозасы жеткізілді.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
13:04, 9 маусым 2021
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...