ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

41 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ

17:22, 13 қаңтар 2022

Өңірде халықты иммундау шаралары жалғасып келеді. №1-ші қалалық емханада күн сайын 60-қа жуық адам ревакцинациядан өтіп жатыр. Жалпы бүгінге дейін облыста 41 мыңнан астам адам үшінші рет екпе алды. Әріптесіміз дайындаған сюжетке назар аударайық.

Қайта вакцинациялау науқаны өткне жылдың 22-ші қарашасында басталды. Күн сайын 1-ші қалалық емханаға 60-қа жуық азамат коронавирусқа қарсы екпе алу үшін жүгінеді.Қазіргі танда емханада ревакцинация үшін Qaz Vak вакцинасы қолданылуда.

ИРИНА ЧЕРВОНОСОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ДӘРІГЕР-ФЕЛЬДШЕРІ:

- Ревакцинациядан өтпес бұрын адамның денсаулығы, соның ішінде қан қысымы, дене қызуы өлшенеді. Тек содан кейін ғана екпе салынады. Ал егер ауру белгілері болса немесе созылмалы аурулары асқынған жағдайда бұл процедура кейінге қалдырылады.

Айта кету керек, ревакцинация үшін қазіргі уақытта тек КАЗ ВАК вакцинасы  қол жетімді. Тұрғындар тарапынан белсенділік байқалады. 

 – Екпе алу керек. Денсаулығыңды сақтау үшін, жақындарыңа жұқтырмау үшін. Қазір вирустың жаңа штамдары шығып жатыр. Сондықтан ағзамызды ауруға қарсы дайындауымыз керек.

- Ревакцинациядан өттім. Бұл ең алдымен біздің өзімізге керек. Үйден шықпай отырмайсың, осылайша өзімді және жақындарыңдарымды дерттен сақтай аламын.

Дәрігерлердің айтуынша  пациенттер 30 минут бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс.Тұрғындардың жағдайын медицина қызметкерлері 3 күн бойы бақылауда ұстайды.

Алдияр Жылкайдаров

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 24 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
17:16, 24 қаңтар 2022
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
17:15, 24 қаңтар 2022
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...