ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ

20:42, 14 мамыр 2021

Ковид-19 -бен күрестің бір жолы – вакцина алу. Вирусқа қарсы Спутник-Ви, Казвак, ХаятВакс препараттары егіліп жатыр. Өңірде вакцинаның бірінші компонентін  ақпан айынан бері 60 мыңнан аса солтүстікқазақстандық алды.  

2020 жылдың 1 мауысымында қалалық көпбейінді ауруханада провизорлық стационар ашылды. Шілде тамыз айларында коровирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, күніне ауыр халдегі 25 адамды қабылдап отырды. Медициналық мекемеде өкпені жасанды желдету аппараттары, тіпті корғаныш киімдері жетіспеді. Бас дәрегердің орынбасарының айтуынша, ешкім де бұл ауруға моральды, әрі материалды тұрғыда дайын болмаған.  

РУСЛАН ТАСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сол кезде дәрігерлерге өте қиын болды. Ешкім коронавирусты қалай емдеу керек екенін білмеді. Күн демей  түн демей ауруханада кезекшілік еттік. Науқастардың жағдайын көрсеңіздер ғой. Бойымызда үрей болды. Дегенмен, өз-өзімізды қолға алып, арнайы протокол бойынша емдей бастадық. Біршама уақыттан соң, жазылып шыққандардың саны арта берді.

Вирус жұқтырып ауруханада емделгендердің ең егде жастағысы 89-дағы қария. Ең жасы 32.  Вирус жүкті әйелдерді де айналып өтпеді. Өткен жылдың шілде айында 6 жүкті әйелге ота жасалып, жаңа туған сәбилерді перинаталдық орталыққа ауыстырған.

РУСЛАН ТАСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жүкті әйел коронвирус жұқтырып, хәлі өте ауыр болды. Оның өкпесі 85 пайызға зақымдалды. Шұғыл түрде ота жасадық. Барлығы сәтті өтті. Сәбиді перинаталдық орталыққа ауыстырып, келіншек 45 күн бізде ем алды.

Дәргіредің айтуынша, әлі күнге дейін індетің бар екеніне сенбейтіндер кездеседі. Тұрғындардың көбі ауруды ушықтырып алып бірақ дәрігерлерге жүгінеді. Оларда жүрек ауруы, қант диабеті, онкология сынды аурулар болатын болса, вирусты емдеу одан сайын қиындай түседі.

РУСЛАН ТАСОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Аурудың алдын алу шарлары бірнеше. Әрине ол әлеуметтік қашықтықты ұстау, медициналық бетперде тағу және вакцина алу. бүгінгі таңда вакцина барлығына бірдей қолжетімді. Әсіресе, 60 жастан асқан тұрғындар өз денсаулықтарына жауапты қараса деймін. Вакцина алғандар коровирус індетін жұқтырған уақытта дерт жеңіл өтеді.

Қазіргі таңда облыс тұрғындарына ковид-19 вирусына қарсы Спутник-Ви, Казвак, ХаятВакс вакциналары салынып жатыр. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін  60 285,  2-ші компонентін 20 437 адам алды. Жалпы облыста 100-ге жуық екпе егу пункті жұмыс істейді.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
13:04, 9 маусым 2021
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...