ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

АУТИЗМ - ДЕРТ ЕМЕС

17:23, 2 сәуір 2021

2-ші сәуір – дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Мақсаты - аутизм мәселесіне қоғам назарын аудару, осы дертке шалдыққан адамдар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету. Облыстық білім беру басқармасының деректері бойынша, өңірде ерекше білім алу қажеттіліктері бар 4мыңнан астам бала және «аутизм», «аутистік спектірдің ауытқуы» диагнозы бар 400ден астам бала тұрады. Оларға қандай көмек көрсетіледі? Әріптесім әзірлеген бейнесюжетке зер салайық.

Балалар аутизмі - психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды. Оның бір ерекшелігі - сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды. Мәселен, қазіргі таңда біздің елімізде 5 мыңнан астам бала осы дертке шалдықса, соның 400-і  Солтүстік Қазақстанда тұрады.

ВАЛЕНТИНА ЧЕРНЫХ, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Мұндай ерекше балақайларға білім беру процессі 7 арнайы мекемеде және инклюзивті оқыту аясында жұмыс істейтін жалпы білім беру ұйымдарында іске асырылады. Сонымен қатар, коррекциялық қолдау көрсету үшін өңірде 16 кабинет барлық қажет жабдықпен қамтамасыз етілген. Облыста Болат Өтемұратов қоры қолдауымен ашылған «Асыл Мирас» аутизм орталығы да сәтті жұмыс  істеп тұр. Бастапқыда мамандар тек қалада тұратын балақайларды қабылдаса қазір бұл жерде шалғай аудандардан келген балалар да тәрбиеленіп жатыр.

Бұдан бөлек облыс аумағында инклюзияны қолдау бойынша 5 кабинет бар. Оның 2-і Петропавл қаласында орналасқан. Мамандардың сөзінше олардың барлығы да түрлі қайырымдылық қорлар мен кәсіпкерлердің қолдауымен ашылған. 2020шы жылдың 24-ші желтоқсанында Назарбаев Зияткерлік мектебі физика пәнінің мұғалімі Дина Құдабаеваның бастамасымен «DIGITAL URPAQ» оқушылар сарайында «Жүрек жылуы» кабинеті ашылды. Дамыту орталығына аутист, даун және сөйлеу қабілетінің тежелуі, тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылуы диагноздары қойылған балалар барып тегін түрде педагогикалық-психологиялық көмек ала алады.

МАДИНА АЯҒАНОВА, «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГ-ТӘРБИЕШІСІ:

- Орталықта ата-аналарға арналған оқу сессиялары, психологтың кеңесі, балақайларға ғылыми жаңалықтар жайлы танымдық фильмдер көрсетіледі. Балалардың білім алуына әкесі мен анасы да ат салысады. Солардың бірі арт-терапия. Олар сурет салып, түрлі қолөнер заттарын жасайды. Көбіне мұнда 5-8 жас аралығындағы ұл-қыздар келеді. Кей-кездері топтық және жеке түрде жұмыс істейміз. 

Қазіргі таңда «Жүрек жылуы» дамыту орталығында 7-ге жуық аутизм диагнозы бар балақай барады. Оларға 6 маман көмек көрсетеді. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары. Математика және музыкада дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 900 ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
17:22, 15 сәуір 2021
МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 900 ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИООРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 70% ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
17:20, 15 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИООРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 70% ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...