ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

БЫЛТЫР ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНАН 14 ӘЙЕЛ КӨЗ ЖҰМДЫ

17:17, 21 қаңтар 2022

Облыстық онкологиялық диспансер мамандарының мәлімдеуінше қыз-келіншектерде жатыр мойны обырын анықтау жеңілдеген. Басты себеп, әйелдердің өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауы. Скринингтік тексерулерден өту, гинеколог маманға қаралу – ауыр дертті болдырмаудың маңызды факторы болып есептеледі. Мәселен, өткен жылы тек скринингтің арқасында 14 әйелде қатерлі ісік ерте сатысында анықталып, тиісті шаралар қабылданған.

Елімізде жатыр мойны обыры жыл сайын 2 мыңға жуық әйелден анықталады. Күнделікті 2 адам көз жұмады. Ал біздің облыста өткен жылы 202 әйел сырқаттанған. Соның ішінде 14 қыз-келіншек қатерлі ісіктен көз жұмды. Жалпы, қазіргі таңда онкологиялық диспансердің есебінде 499 әйел тұр.

НАИДА НАБИУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ОНКО-ГИНЕКОЛОГЫ:

  • Жатыр мойны обыры әйелдердің қатерлі ісіктерінің арасында кездесу жиілігі бойынша екінші орында тұр. Егер 2018 жылы жатыр мойны обыры 51 әйелде анықталса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 73-ті құраған. Бұл дертпен 50-60 жаста да ауырады. Ең бастысы әйелдер тазалықты ұстануы және де гинеколог маманға  үнемі қаралуы тиіс. Мұнымен қоса, скринингтік тексерулерден өтуді ұмытпаған абзал.

Жалпы, жатыр мойны қатерлі ісігінің дамуына бірнеше себеп бар. Олар ерте жыныстық жетілу, 20 жасқа дейін және 40 жастан кейін босану, жыныстық гигиенаның болмауы. Бұл дертті анықтаудың бірнеше түрі де бар. Бірақ ең тиімдісі - скрининг.

НАИДА НАБИУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ОНКО-ГИНЕКОЛОГЫ:

  •  Скринигтік бағдарламаның басты мақсаты ол жатыр мойны обырын уақытылы анықтау. Әсіресе есепте тұрмаған 36 дан 50 жасқа дейнгі қыз-келіншектерде. Скринигтік бағдарлама екі деңгейден тұрады. Біріншісі ол кәдімгі дәрігер маманға қаралу болса, екіншісі талдама жасау. Өткен жылы 22 мыңға жуық әйел тексерілді.

Дәрігерлердің айтуынша басқа қатерлі ісік ауруларымен салыстырғанда бұл дерттің алдын алуға болады. Тіпті емдеуге де келеді. Тек уақытылы білікті маманға қаралған жөн.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:15, 17 маусым 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...