ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ БАСТАЛДЫ

20:35, 22 ақпан 2021

Облыста коронавирусқа қарсы вакцинаның 2-ші компоненті егіліп жатыр.Өткен жолы екпе алған 1200 адам араға 21-22 күн салып КВИ-ға қарсы тағы вакцинацияланады. Жалпы өңірде қазір жағдай тұрақты, облыс инфекцияның таралуы бойынша  жасыл аймақта. 

Өңірде вирус жұқтырушылар саны азайған. Бір тәулікте 38 факті тіркелсе, оның 24інде ауру белгілері болған. Жазылып шыққандар саны да 11мыңнан асты. Вакцина егу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бүгін екпенің 2ші компонентін облыстың бас санитар дәрігері мен ПД басшысы Марат Төлебаев және денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Айманов алды.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Спутник в вакцинасы  жұқпалы аурулармен күресу кезінде  вакцинаның маңызы зор. Ол біріншіден тиімді және қауіпсіз болып саналады. Сондықтан да, жерлестерге айтарым егер сіздерді емханалар шақырып жатса, бас тартпаңыздар. Осындай шаралар арқылы ғана біз коронавирустық инфекцияны жеңе аламыз.

Мамандардың сөзінше, вакцинаның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Яғни, індетке қарсы екпе алған азаматтың ағзасы вирусқа төтеп бере алады деген сөз. Спутник V вакцинасын бірінші болып 1200 медицина қызметкері,  санитарлық мамандар алды. Енді наурыз айының басында өңірге тағы 2800 доза әкелінбек. Бұл жолы  тәртіп сақшылары мен педагогтарға және ниет білдірген өңір тұрғындарына қойылмақ.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сенбі күні тағы да 1200 вакцина әкелінді. Біз медицина қызметкерлері 1 ақпан күні алып едік. Енді екінші компонентін бүгін қойдырмақпыз. Бұл вакцина адам ағзасына ауыр болмас үшін, екі кезеңге бөлінген. Енді өз әсерін көрсететін болады. Алғашқы рет алғанда өзімді нашар сезінген жоқпын. Тек кез-келген екпеден кейінгіге ұқсас бұлшықеттерім ауырым, кішкене әлсіздік болды. Бұл қалыпты жағдай.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, егер облыстың 60 пайыз тұрғыны  індетке қарсы вакцина алса, қауіп сейіліп, қалыпты өмірге оралуымыз мүмкін. Қәзіргі уақытта облыс тұрғындары арасында екпе ектіруге деген сұраныс артып отыр.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
20:41, 3 наурыз 2021
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Толығырақ...
БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
17:25, 3 наурыз 2021
БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
БЫЛТЫР ОБЛЫСТА 1653 АДАМНАН ҚАТЕРЛІ ІСІК ТАБЫЛДЫ
20:39, 2 наурыз 2021
БЫЛТЫР ОБЛЫСТА 1653 АДАМНАН ҚАТЕРЛІ ІСІК ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...