Облыстық қан орталығы өңір тұрғындарын донор болуға шақырады. Өткен демалыс күндері де орталық қалыпты жұмыс істеп, қан тапсырушыларды қабылдады. Қаңтардың 7 мен 8 күндері 60-қа жуық адам қан тапсырды.
Белгілі бір қан тобына деген тапшылық жоқ, дейді мамандар. Алайда елдегі жағдайға байланысты орталық жұмысын демалыс күндері де жалғастырды. Қан қорын толықтыру шарасы осы аптада да жүргізіледі. Орталық Күшіміз бірлікте деген ұранды ұстануда. қажет болса, өзге өңірлермен де қан қорымен бөлісуге әзір.
СВЕТЛАНА ЗАДВОРНАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДОНОРЛАРДЫ ТАҢДАУ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М.А.:
- Елдегі жағдайды ескере отыра өткен демалыс күндері жұмысқа шығуға бел будық. Бір қуантарлығы үнемі қан тапсырып жүрген донорлардан басқа, бірінші рет келгендер де көп болды. Араларында жастар көп. 7 қаңтар күні 22 адам, ал 8 қаңтарда 38 адам келді. Қан қорын әлі де толықтырамыз. Сондықтан, 18-ден 45 жасқа дейінгі дені сау тұрғындарды донор болуға шақырамыз.