ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ЕЛДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН АДАМДАР САНЫ БОЙЫНША СҚО АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

17:15, 19 қараша 2021

Облыстағы коронавирус жағдайына тоқталсақ, өңір бір айдан аса «қызыл» аймақта. Соңғы 2 аптада 2089 жаңа жағдай тіркелді. Петропавлда ауру 1,2 есеге өсіп, ауруға шалдығып өмірден озғандардың саны да азаяр емес.

Облыс елдегі вирусқа шалдыққан сырқаттанушылардың  саны бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ, өзге өңірлерге қарағанда біздің облыста аурудың апталық көрсеткіші ең жоғары. Айта кету керек, 22 қарашадан бастап халықтың коронавирусқа қарсы ревакцинациясы басталады. Спутник Ви- вакцинасын қойғандар 9 айдан кейін, ал, Hayat, Qaz Vaq, Vero Cell және Pfizer таңдағандар 6 айдан кейін ревакцинациядан өтуі керек.

 АРМАН КҮШБАСОВ, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ревакцинациядан бірінші болып медицина мамандары, мұғалімдер, күш құрылымдары, әлеуметтік медициналық мекемелердің қызметкерлері, 60 жастан асқан адамдар өтеді. Ревакцинация кви-ға қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған екпелердің басқа түрлерімен жүргізіледі.

Пандемия басталғаннан бері СҚО-да 27 579 адам емделіп шықты. Қайтыс болғандар-345 адам.  Қазіргі уақытта 633 тұрғын стационарлық ем алуда.  2574 бала вирусқа шалыққан. Олардың 2410-ы емделіп, қалпына келді.  Жалпы пандемия басталғалы облыста кви-ден 1 бала қайтыс болды.  Сондай-ақ, осы аралықта 638 жүкті әйел  коронавирус жұқтырды. 

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі уақытта файзер вакцинасымен жасөспірімдер мен жүкті, емізетін әйелдерге екпе қоюды бастадық. Осы санаттағы адамдарға екпе қоюға ДДҰ растаған жалғыз вакцина болып есептеледі. Файзермен АҚШ, Ұлыбритания, германия, израиль, БАӘ балаларға екпе егіліп жатыр.

Айта кетейік, қараша айында мониторингтік топтар 139 рейд жүргізді. Миллион теңгеден астам сомаға 19 тұлға жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамағаны үшін 4 млн 900 мың теңге сомасына 19 адамға айыппұл салынды.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ  КЕМІДІ
13:04, 3 желтоқсан 2021
ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ КЕМІДІ
Толығырақ...
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
20:40, 2 желтоқсан 2021
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
17:18, 2 желтоқсан 2021
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...