ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕГІ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖАҒДАЙЫ

17:19, 21 шілде 2021

21 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда 64 367 адам соның ішінде  20 050 науқас стационарда, 44 317 азамат амбулаториялық деңгейде коронавирус инфекциясынан ем қабылдауда. 263 адамның жағдайы өте ауыр. 160 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Қауіпті дерттен айығып шыққандардың саны 436 523 адам.

Жалпы әлем бойынша жағдай тұрақталар емес. Франция үкіметі COVID-19 вирусымен күресу шараларын қатаңдату туралы заң жобасын мақұлдады. Ал, Англиядағы түнгі клубтар мен бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар қыркүйек айының соңынан бастап COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырған келушілерді ғана қабылдау міндетін енгізуді жоспарлап отыр.Финляндияда і коронавирустың төртінші толқыны басталды.  Бұл туралы Финляндия ұлттық денсаулық сақтау институтының денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді. Италияда COVID-19 вакцинациясының қарқыны артып келеді. Қазірдің өзінде коронавирустық инфекцияға қарсы иммундауға жататын ел халқының жартысынан көбі  егілді.

Солтүстік Қазақстан облысында да эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Өткен тәулікте 97 адамнан індет анықталды. Инфекциялық стационар 52 пайызға толық. Қазіргі таңда 30 адамның жағдайы ауыр. Өкінішке орай соңғы 4 тәулікте 5 адам көз жұмып, қайтқандар соны облыста 47-і адамға жетті. Араларында  1 жастан асқан бала да бар. Ауруханаға жеткізілгендердің бірі де дертке қарсы екпе алмаған.  Облыс бойынша бүгінде 184295 адам вакцинаның 1-ші компонентің алса, оның ішінде 108 446 адам толық курстан өткен.  

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 141 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 4 тамыз 2021
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 141 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 147 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
13:01, 3 тамыз 2021
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 147 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...