Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқтала кетейік. 16 мамырдан бастап Австрия шетелдік туристер үшін коронавирусқа байланысты енгізген барлық шектеулерді алып тастады. Сонымен қатар, елде көптеген қоғамдық орындарда маскасыз жүруге рұқсат етілді. Ал Шанхайда коронавирус жағдайы маусым айында қалыпқа келеді деп отыр. Бұл туралы мегаполистің вице-мэрі Цзун Мин мәлімдеді. Және бірқатар қоғамдық орындар ашылады деді вице-мэр.
Оңтүстік Кореядағы жағдайды айтатын болсақ, өткен тәулікте коронавирустың жаңа түрімен 35 117 жағдайы анықталды. Вирус жұқтырған 26 адам республикаға шетелден келген, ал қалғаны ел ішіндегі инфекцияның таралуына байланысты. Малайзияда да өткен тәулікте коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 1469 жағдайы анықталды. Осылайша, Малайзия аумағында SARS-CoV-2 инфекциясының расталған жағдайларының жалпы саны 4 481 278-ге жетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте елде коронавирустық инфекциясы бар тағы үш науқас қайтыс болды. Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі елге ұшар алдында ПТР тестінен өту туралы талаптың жойылғанын хабарлады. Елге кірудің жаңа ережелері 2022 жылдың 21 мамырынан бастап күшіне енеді. "Соңғы аптада COVID-19 оқиғаларының саны ДДҰ - ның алты аймағының төртеуінде күрт өсті. Тестілеу мен жүйеліліктің төмендеуіне байланысты көптеген елдерде вирустың қайда және қалай өзгеретінін анықтау қиынға соғады".- деді Тедрос Адханом Гебрейюс.