Елімізде коронавирус індетінің беті қайтқанымен, өзге мемлекеттерде жағдай мәз емес. Мысалы, Қытайдың Шанхай билігі метродағы соңғы екі жол қозғалысын тоқтатты. Бұл қаладағы барлық метро жолдары бірінші рет тоқтап тұр. Шанхай жерасты көлігі ұзындығы бойынша әлемде бірінші орын алады. Оның 20 желісі мен 508 станциясы бар, филиалдарының жалпы ұзындығы 831 км. COVID-19 пандемиясының басталуына дейін жолаушылар ағыны тәулігіне 10 миллионнан астам адамды құрады. Соңғы аптада Шанхайда кейбір жеңілдіктер енгізілді-жергілікті тұрғындарға сауда жасау үшін үйден шығуға рұқсат етілген еді. Алайда, қазір тұрғындарға қайтадан үйде отыру міндеті қойылды.
Коронавирустың дельта штамы Ресейге оралуы мүмкін, себебі оған қарсы иммунитет әлсірей бастады. Бұл туралы Ресей тұтынушылықты қадағалау мекемесі хабарлады. "Дельта" да толығымен жойылған жоқ, Ресейде вирусты жұқтырғандар анықталды. "Омикронға" және оның қосалқы түрлеріне жаһандық иммунитет өскен сайын, "дельта" немесе оның түрлері қайта күш алуы мүмкін, себебі оған қарсы қорғаныш біртіндеп жоғалып келеді", - делінген хабарламада. 20 мамырдан бастап Израиль елге кірер алдындағы міндетті ПТР тестті алып тастайды. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. "Бен Гурион әуежайына қонған жолаушыларға 2022 жылдың 20 мамырынан бастап ПТР тестілеуде өту қажет болмайды",-делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында. Ал,Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус жұқтырды. "COVID-19 тестілеуі оң нәтиже көрсетті. Менде аурудың жеңіл симптомдары байқалады және мамандардың кеңесі бойынша аурудан айыққанша оқшаулануға тура келді", - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында. Гейтс толық вакцинацияланғанын және вакцинаның үдеткіш дозасын алғанын, сондықтан ауру жеңіл түрде өтіп жатқанын айтты.