ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

17:17, 15 қыркүйек 2021

Қыркүйектің 15-нен қарашаның 15-не дейін елімізде емханаға тіркеу науқаны басталды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс.

Жалпы, бұл мемлекеттерден келген азаматтар сақтандыру төлемдерін төлеп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіндегі қызметтерді толық пайдалана алады. Емханаға тіркеу азаматтардың тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайы бойынша жүргізіледі. Осы ретте емханаға тіркелу жолы өзгермегенін атап кеткен жөн. Тұрғындар үйден шықпай-ақ «электронды үкімет порталына» жүгіне алады. Ал, зейнеткерлер мен мүгедектер емханаға барып өтініш жаза алады. Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтар алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметін көрсететін 17 ұйымның біріне тіркеле алады. Олардың 16-ы мемлекеттік, 1-і жеке меншік нысан.

ҚАРЛЫҒАШ  ІЛИЯСОВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ  СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Әр адам бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберіндегі емханалардың бірін таңдау құқығы бар. Ал, шекаралас аймақтардың тұрғындары жақын маңдағы әкімшілік аумақ ішіндегі медицина ұйымына тіркеледі. Емхана жүктемесі шектен асып кетсе тіркеуден бас тарта алады. Себебі, қолданыстағы нормативтерге сәйкес, учаскедегі жалпы практика дәрігеріне тіркелген пациент саны 1700-ден аспауы тиіс.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
13:07, 27 қыркүйек 2021
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 27 қыркүйек 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ...
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:01, 24 қыркүйек 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...