ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

20:38, 21 қазан 2021

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, соңғы екі аптада ковид-19 ауруын жұқтырғандардың саны 1,6 есе өскен. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 787 адам ем алып жатыр. Оның 68 пайызы 61 жастан асқандар. Осыған орай облыстық ардагерлер кеңесі өңір тұрғындарын коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын. 

Галина Айдакова  вакцинациялау науқаны басталған сәтте алғашқылардың бірі болып екпе алған. Зейнеткердің айтуынша, бір жыл бұрын жақын туысы  вирус жұқтырып, оқиға қайғылы аяқталған. Осыдан кейін әйел вакцина алуға шешім қабылдайды.  

ГАЛИНА АЙДАКОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Екі  бірдей туған әпкем қатты ауырып жатыр, вирустың кесірінен күйеубаламыздан айырылып қалдық. Көршілерім, тусқандарымның арасында қазіргі уақытта ауырып жатқандар өте көп. Сондықтан, адамдардың көп шоғырланған жерлеріне бармаймын, барлық сақтық шараларын ұстанамын. Алғашқылардың бірі болып вакцина алдым, шүкір, өз басым бұл дертке шалдыққаным жоқ.

Әсіресе егде жастағылар үшін вирус аса қауіпті. Өкінішке орай, облыста пандемия басталғалы 266 солтүстікқазақстандық коронавирустан көз жұмды. Оның 78 пайызы зейнеткерлер. Ал, қазір жұқпалы аурулар ауруханасында 700-ден астам адам ем қабылдап жатса, оның 78 пайызы 61 жастан асқандар. Жұқпалы дерттің қайталануынан сақтану үшін, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы үшін вакцина алу қажет. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бейбіт Әбілев те екпенің пайдасы зор екеніне еш күманданбайды.  

БЕЙБІТ ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі таңда облыста екпенің толық курсынан 230 508 адам өтті.  Мамандардың айтуынша бұл – аз. Салдарынан өңір бір айға жуық «қызыл» аймақта, коронавирусты күнделікті жұқтырғандар саны 100-ден төмендемей тұр.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ  КЕМІДІ
13:04, 3 желтоқсан 2021
ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ КЕМІДІ
Толығырақ...
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
20:40, 2 желтоқсан 2021
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
17:18, 2 желтоқсан 2021
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...