ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ

20:46, 30 қараша 2021

Облыста 12 жастан асқан балаларды, жүкті және емізулі баласы бар келіншектерді  коронавирусқа қарсы егу жалғасуда. Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж оқушылары да Covid-19-ға қарсы вакцина алды. №1 қалалық емхананың көшпелі екпе пункті жасөспірімдерді оқу орны ғимаратының жатақханасында вакцинациялады.

Жасөспірімдер вакцинациясы ата-аналардың жазбаша келісімімен жүргізіледі. Pfizer препаратының бір құтысы алты дозаға есептелген. Егу алдында әр жасөспірім сауалнамадан және медициналық тексерістен өтеді. Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің 18 оқушысы бүгін бірінші компонентті алды. Оқу орнында барлығы 603 кәмелетке толмаған жасөспірім білім алады.

Асылжан Нұрахметова, М. Жұмбаев атындағы жоғары колледжінің орта білім беру бөлімі меңгерушісі:

СВЕТЛАНА ДАВЫДОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ДӘРІГЕР-ЭПИДЕМИОЛОГЫ:

- Біздің емхананың көшпелі екпе пункті жасөспірімдерге Pfizer препаратын екті. Вакцинаның көмегімен ағзада коронавирусқа қарсы иммунитет пен қорғаныс антиденелері дамиды. Бұған дейін біз Бэст мектебінің №1 гимназиясында және басқа да оқу орындарында вакцинация жүргіздік.

№1 қалалық емханада Pfizer вакцинасы 19 қарашадан бастап қойылып жатыр. Бүгінгі таңда 97 жасөспірім, 1 жүкті әйел және 64 бала емізетін әйел екпе алды.

- Бүгін Pfizer вакцинасын алдым. Ата-анам екпе қойғызуыма қарсы болған жоқ. Көпшіліктің арасында жүреміз, қоғамдық орындарға барамыз, вакцина аурудан қорғайды.

Вакцина алған колледж оқушылары жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды. Бүгінге дейін облыста препараттың кері әсері тіркелген жоқ.

Алдияр Жылқайдаров

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 24 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
17:16, 24 қаңтар 2022
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
17:15, 24 қаңтар 2022
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...