ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

20:34, 22 қыркүйек 2020

Петропавлдағы «Шығыс» ықшам ауданында Осыдан бірер ай бұрын басталған көпсалалы аурухананың  құрылысы қарқын алған. 500 орынға шақталған замануи емдеу орталығы   мемлкеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Мұнда онкологиялық диспансер, кардиологиялық және перинаталдық орталық сынды бірқатар мекеме біріктірілмек. Сонымен қатар, инфекциялық бөлімше мен жедел жәрдем қызметі де осы жерде орналасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жыл соңына дейін әр аймақта 13 жұқпалы аурухана салынатыны жайлы айтқан еді. Ал 2025 жылға қарай 20 заманауи көпсалалы медициналық орталық пайдалануға берілуі қажет.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ал, бізде бірнеше аурухананы  біріктіретін заманауи ғимараттынң  құрылысы осы жылы басталды. Орталықтың жалпы аумағы 71 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда тікұшақпен қону-ұшу алаңы да жасалады. Жобаның құны 115 млрд теңге. Нәтижесінде жаңадан 350 жұмыс орны ашылмақ. Құрылыстың тиісті түрде жүргізілуіне Түрік компаниясы жауапты. Жыл соңына дейін  іргетасын құйып, әкімшілік-тұрмыстық кешен және қызметкерлерге арналған тұрғын үй салу жоспарланған.

ЮРИЙ БЕЛОНОГ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Өткен жылы Құмар Іргебайұлының бастамасымен жаңа көпсалалы ауруханының құрылысы басталды. Осының арқасында болашақта бізге бір кластерге 5 ірі көпсалалы аурухананы біріктіруге мүмкіндік бермек. Оған онкологиялық диспансер, кардиологиялық және  перинаталды орталық, тері аурулары диспансері мен облыстық аурухана жатады. Осылайша біз медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешеміз, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырамыз.Жылына 10мыңдаған ота жасауға мүмкіндік аламыз. Медициналық мекеме ең озық әрі заманауи технологиямен қамтамасыз етіледі.  

Жалпы, бұл - қаланың басқа емханаларына артылған жүктемені азайтуға көмектеспек.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...