ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУС ЕГДЕ ЖАСТАҒЫЛАРҒА АСА ҚАУІПТІ

17:20, 14 қаңтар 2022

60 жастан асқан адамдар короновирус жұқтыру қаупі жоғары топқа жатады. Дәрігерлердің айтуынша қазір жұқпалы аурулар стационары мен жан сақтау бөлімінде жатқандардың басым бөлігі қарттар мен  екпе алмаған азаматтар. Осыған орай мамандар егде жастағы адамдармен кездесіп, вакцина алудың маңыздылығын түсіндірді.

Тамара Ушакова ЗИКсто зауытында бірнеше жыл еңбек етіп, осы кәсіпорыннан еңбек демалысына шықты.  Қазір ардагерлердің бастауыш ұйымын басқарады. Короновирустан қорғану үшін Спутник V екпесін салдырмақшы, алайда, денсаулық жағдайына байланысты емханада кезекте көп отыра алмаймын дейді.

ТАМАРА УШАКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

- Екпе алу үшін емханаға бірнеше мәрте барғам, қан қысымым көтерілгесін салған жоқ, екінші рет барғанымда спутникке 5 адам жинау керек болды. Екі сағат отардым. Сондықтан, ардагерлер кеңесінде ұйымдастырған жиынға осы мәеселені айта келдім. Қарттарды бір жерге жинап, екпе алуды ұйымдастырса екен деймін.

Қалада 43900 еңбек ардагері бар, олардың тек жартысына жуығы ғана екпе салдырған. Алайда жасына байланысты олардың көбінде созылмалы аурулары бар. Бұл адамдар вирусты жұқтырудың қаупі аса жоғары тобына жатады. Ардагерлер кеңесінде өткен жиынға денсаулық сақтау басқармасы бастығының орінбарасы Құмар Күсемісов те қатысып, екпе салдырудың маңызына тоқталды. 

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тез таралып жатқан омикрон штамына байланысты қарияларымызға сақтанудың жалғыз амалы туралы кезекті рет айтып берсек деп келдік.  созылмалы дертті барлар вакцинаны міндетті түрде қоюы керек. Қариялардың сұрауы бойынша,  екпе салу бригадаларын белгіленген бір орынға жіберу мәселесін шешеміз. 

Екпені кез келген емханаға барып және сауда үйлерінде істейтін вакцинация пунктерінде салдыруға болады. Егер қарияларға денсаулық жағдайына байланысты үйден шығу қиын болса, екпе бригадасын мекенжайға шақыра алады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 24 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
17:16, 24 қаңтар 2022
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
17:15, 24 қаңтар 2022
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...