ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС

20:36, 14 қыркүйек 2021

Солтүстік өңірлерде эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді.  Қостанай мен Солтүстік Қазақстанның өкілдері орталық  коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, аймақтардағы коронавирусқа қатысты ахуалға тоқталды, атқарылып жатқан іс-шаралар жайында айтты.    

Пандемия басталғалы өңірде 23354 адам короновирус жұқтырған.  Қауіпті инфекция  181 адамның өмірін қиды. Соңғы тәулікте дертке 75 адам шалдыққан.  Бұл үш апта бұрынғы жағдаймен салыстырғанда екі есе аз.  Жұқпалы аурулар ауруханасы 31  процентке жүктелген. Брифингте сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, науқастардың басым бөлігі 60 жастан асқандар. 

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жұқпалы аурулар стационарларында  1715 орын бар.  Олардың 775-сі бос.  Инфекция жұқтырғандардың саны 44 процентке төмендеп,  ауруханаға жатқызылғандардың саны да  азайды.  Реанимация бөлімі 58 проценке жүктелген. Жасанды демалдыру аппараттарына 22 науқас қосылған.

Бүгінге дейін солтүстікқазастанның 67 процент тұрғыны екпенің екі компонентін де салдырған. Дертті жұқтырғандардың саны азайғанын мамандар, вакцинацияның оң әсері деп біледі. Сондықтан, өңірде әлі де 102 екпе салу кабинеті жұмыс істеп жатыр. Демалыс кезінде және оқу жылы басталғалы 129 оқушы инфекция жұқтырды.

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгін 60 сынып қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.  Карантинге жабылған мектеп жоқ.  Дертті жұқтырғандармен қатынаста болғандар қашықтықтан білім алып жүр.

Брифинг қатысушылары журналистердің сауалдарына жауап берді.  Сұрақтардың бірі короновирусты жұқтырған балаларға қатысты еді.

ҚАБДЫРАХМАН САҚТАҒАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  :

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына ашық  қосымшасы  да оң ықпалын берген. Бүгін әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың басым бөлігі  жобаға қосылған. Жоба енгізілгелі қоғамдық орындарға кірмекші болған  қызыл мәртебесі бар  333 адам, сары мәртебесі бар,  яғни  науқаспен қарымқатынаста болып, карантин шараларын сақтамаған 230 адам анықталды.   

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
13:07, 27 қыркүйек 2021
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 27 қыркүйек 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ...
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:01, 24 қыркүйек 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
20:37, 24 қыркүйек 2021
СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...