ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

17:17, 26 қаңтар 2021

Петропавлдағы жұқпалы аурулар ауруханасы қараша айында ашылды.  Covid-19 вирусымен күреске арналған емдеу мекемесі 200 орынға шақталған. Осы екі ай ішінде медициналық мекемеден жүздеген адам вирустан емделіп шықты. Солардың бірі Қайырбек Байсалбаев. Шал ақын ауданы тұрғынының екі өкпесі қабынған екен. Жарты айға жуық ем алған ер адам бүгін ауруханадан шықты.

Қайырбек Байсалбаев Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының тұрғыны. Екі апта бұрын  өзін нашар сезініп, дене қызуы көтеріледі. Алайда мереке күндері болғандықтан, дәрігерлерге жүгінуге асықпапты.  

ҚАЙЫРБЕК БАЙСАЛБАЕВ,  СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  Келіншегім таблетка укол беріп, сонымен жүрдім. Нормально болды. Почкам ауырған сол себепті больницаға бардым. Айнаға түстім, қан бердім. Праздник болып қалды. 8-і бардым айтады пневмония двухсторонняя сол күні больницаға жатқызды 4 күн жаттым, пока анализ келгенше. Городтан анализ келді. Положительный келді.

Қайырбек Байсалбев бұған дейін коронавирус инфекциясының барлығына сенбеген. ПТР сараптамасы оң нәтиже көрсетіп, Петропавл жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп шыққаннан соң ғана дерттің қауіпті екенін түсінген. Ауруды бастан өткерген жан, дәрігерлерге алғысын білдіріп, адамдарды сақтық шараларын барынша сақтауға шақырады.

ҚАЙЫРБЕК БАЙСАЛБАЕВ, СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Былтырдан бері уже ковид шығып жатыр ғой. Почти екі жыл. Мен вообще сенбейтінмін бұл ауруға. Жүрдім, жүрдім и раз аурып қалдым. Халыққа айтайын, ковид деген ару бар екен. Аман-есен болсын маска носить етіп, больницада 12 күн жаттып. Оңды центр. Лечащий врач Дина ... алғысымды айтамын. Персонал жақсы.

Асан Атымтаев та Шал ақын ауданының тұрғыны, дертті жұбайынан жұқтырған. Әйелі мен  балалары екі апталық карантинде. Науқастың бір аптаға жуық дене қызуы көтеріліп, жөтел қинаған. Дәрігерлер бронхтың қабынуы деген диагноз қойып, ПТР сараптамасынан өткізеді.  Ковид жұқтырып, салдарынан өкпесі 20 пайызға зақымданған екен.

АСАН АТЫМТАЕВ, СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мені өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан жоқ. Мүмкін жасыма байланысты болар, ауруды жеңіл бастан кешірдім деп ойлаймын. Ауру бірден басталды, дене қызуы көтеріліп өкпем қатты ауырды. Дем алуым қиындады. Дәм мен иісті сезбей қалдым. Өкпем 20 пайызға зақымданғанын естігінде, қатты үрейлендім. Бұл ауруға ешқашан бейжай қараған емеспіз. Туыстарымыз бен достарымыздың арасында осы дертке шалдыққандар болды, өкінішке орай ауруға төтеп бере алмай өмірден озған жақындарымыз да бар.

Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. СҚО «қызыл аймақта» тұр. Күннен-күнге ауруға шалдыққан адамдардың саны артып келеді.  Облыста инфекциялық стационарлар 43 пайызға толық. 22 науқастың жағдайы ауыр.

АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облыста 10 мыңнан аса даам короновирус жұқтырды. Бұл біздің өңір үшін көп. Қаңтар айының ортасынан бастап дертке шалдыққандар саны көбеюде. Күніне кем дегенде 100 адамнан вирус анықталып жатыр. Сондықтан шектеу шараларын енгізуге тура келді. Тұрғындарға айтарым, сақтаныңыздар. Арақашықтық ұстау, медициналық маска тағу, бұл вирустың алдын алу шаралары.

Естеріңізге сала кетсек, 1 ақпаннан бастап елде короновирус індетіне қарсы вакцина қойыла бастайды. Бірінші кезекте, екпені  медицина мамандары алмақ.  

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
20:41, 3 наурыз 2021
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Толығырақ...
БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
17:25, 3 наурыз 2021
БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
БЫЛТЫР ОБЛЫСТА 1653 АДАМНАН ҚАТЕРЛІ ІСІК ТАБЫЛДЫ
20:39, 2 наурыз 2021
БЫЛТЫР ОБЛЫСТА 1653 АДАМНАН ҚАТЕРЛІ ІСІК ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...