ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ

13:04, 9 маусым 2021

Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы- вакцинация.  Бүгінде тұрғындар өз еркімен вакцина алуға қарсы емес пе? Көзқарастары қандай? Әріптесім толықтырады.

Бүгінде егпе егуден бас тартып жатқандар да, салдыртқандар да бар. Алайда медицина қызметкерлері жұқпалы індетті жеңудің бірден бір жолы- вакцинация деп отыр. Біз өз кезегімізде Петропавлдың орталық көшелеріне шығып, тұрғындарға сауалдар қойдық, вакцинаға деген көзқарастарын білуге тырыстық.

- «Вакцинацияға мен қарсы емеспін. Мен өзім бірінші дозасын алдым. Екіншісін күтіп отырмын. Ол өзіміздің денсаулығымыз үшін. Өзіміздің туысқандарымыз үшін.»

- «Жақсы. Жоқ, балаларым салдырды. Өзіміздің денсаулығымыз үшін. Денсаулық болса, бәрі болады.»

- Мен вакцинаның бірінші компонентін алдым. Екінші дозасын алуға дайындалып жүрмін. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл да тұмаудан қарсы екпе сияқты.

Енді сандарды сөйлетейік. Қазіргі таңда өңірде вакцинаның бірінші компонентін 78602 адам алыпты. Ал екінші дозасын 43206 тұрғын салдыртып үлгерген.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Өңірде  вакцинаның бірінші компонетінің 36926 дозасы қалды. Ал екінші компоненті 27 мыңға жуық. Бір сөзбен айтқанда, облыста екпе жеткілікті. Сондықтан емханаға келіп, вакцина алуға болады. Айта кетейін,  алдағы  күндері cпутник V вакцинасының екінші компоненті жеткізіледі.  Оны 21 күнен 90 күнге дейін алуға болады.»

Бүгінде медицицна қызметкерлері көпшілікті екпеден бас тартпауын сұрап отыр. Себебі екпе адам денсаулығы үшін аса маңызды. Әрі індеттің бетін қайтарып, жеңуге көмектеседі.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:40, 8 маусым 2021
ОБЛЫСТА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...