ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ҚОСЫМША ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТТЕРІ АШЫЛДЫ

20:38, 29 сәуір 2021

Облыс орталығында Ковид-19 вирусына қарсы қосымша екпе пункттері ашылды. Денсаулық сақтау мекемелерінде, спорт нысандарында, мәдениет ошақтарында және сауда-саттық орталықтарында  28 вакцина салу орындары ұйымдастырылды. Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша мұндай пункттердің саны 90-ға жетіп отыр.

Бүгінгі күні облыста 28 мың адам екпе алып үлгерді. Соның 570-не Қазақстандық вакцина қойылды. Сонымен қатар, халыққа ыңғайлы болу үшін, әрі  адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында облыс аумағында қосымша екпе егу пункттері ашылды.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тұрғындар Александр Винокуров спорт сарайында, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада, Алтын Арман базарында, Жастар сарайында, Әуезов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан жылжымалы екпе пункттеріне барып вакцина салдырта алады. Екпе егу пункттері сегізден кешкі 7-ге дейін жұмыс істейді. Бұл аталған орындарда халыққа бірінші және екінші қалалық емхананың мамандары қызмет көрсетеді.

Ал, үшінші емхана және «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесінің қызметкерлері емдеу мекемелерінде ғана емес мұнымен қоса «Сити Молл» сауда-ойын-сауық орталығында, жоғары медициналық колледжінде, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде, Полиция Департаментінің госпиталінде, Петропавл қаласының ішкі істер басқармасында вакцина қою жұмыстарын жүзеге асырады. Жалпы мамандардың сөзінше қазіргі кезде қауіпті дертті жұқтыру әлдеқайда төмендеген.

АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жалпы пандемия басталғалы бері өңірде ауруды жұқтырудың 13 мың 939 жағдай тіркелді. Соның 9-ға жуығында ауру белгілері бар. Осы ретте айта кеткен жөн біздің облыста көбіне коронавируспен 50 жастан асқан азаматтар ауырады. Соңғы тәуліктің ішінде 27 жағдай тіркелді. Соның 17-і Петропавлда анықталған. Қазіргі таңда дертті жұқтыру әлдеқайда төмендеді. Бұл ең алдымен шектеу шараларының енгізілуі және екпе егу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты.  

Сонымен қатар қазіргі таңда облыста «Ашық» қосымшасы жұмыс істеп жатыр. Бұл қосымшаның көмегімен кәсіпкерлік субъектілер өңір «қызыл» аймақта болса да, жабылмайды. «Ashyq» қосымшасының көмегімен қызыл және сары мәртебесі бар тұрғындарды анықтауға болады.   

ЖЕҢІС ҚАЗИЕВ СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін, яғни вирустың тасымалдаушысы болып саналатынын немесе саналмайтынын анықтауға мүмкіндік береді. «Ashyq» қосымшасының бизнеске беретін артықшылықтары: егер нысан орналасқан аймақ «қызыл аймақта» болса, оған «сары аймаққа» сәйкес шектеу критерийлері қолданылады, егер «сары аймақ» болса, «жасыл аймаққа» сәйкес шектеу критерийлері қолданылады. Қаланың кәсіпорындары арасында QR-кодқа сұраныстар бар. Ақырындап, кодтарды бәріне таратамыз.

Петропавл қаласының кәсіпкерлік субъектілерінде «Ashyq» қосымшасы орнатылып жатыр. Әзірге шаһар бойынша 3 мекеме QR-кодпен жұмыс істейді.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА 3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
17:22, 11 мамыр 2021
ПЕТРОПАВЛДА 3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
 3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕШЕНДЕ ЕКПЕ САЛДЫРТУҒА  БОЛАДЫ
20:41, 5 мамыр 2021
3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕШЕНДЕ ЕКПЕ САЛДЫРТУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...