ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

17:15, 17 маусым 2022

Маусымның әр үшінші жексенбісі  медицина қызметкерлерінің күні. Айтулы мейрамға орай облыстық көпсалалы ауруханада мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында өңірімізде табысты еңбек етіп жүрген ақхалаттыларға облыс әкімінің  құрмет грамотасы табысталды. Төл мерекелері қарсаңында марапатқа ие болған дәрігерлермен тілшіміз Әміре Ақбатай тілдесіп қайтты. 

 Қай заманда болмасын қоғамның қажеттілігін талап ететін екі мамандық бар. Бірі ұстаз болса, екіншісі адам жанының арашашысы болған дәрігер. Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Жауапкершілігі мол, жүгі ауыр мамандықты арқалап жүрген ақхалатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен облыс әкімнің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев құттықтады. Өз сөзінде Тимур Сламжанұлы медицина қызметкерлерінің елдегі эпидахуал ушыққан кездегі атқарған еңбектерін жоғары бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.  

 ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ізін ала өз сөзінен кейін Тимур Сламжанұлы дәстүрге сай  медицина саласында табысты еңбек етіп жүрген 50 маманға облыс әкімінің құрмет грамоттасын табыстады. Арасында екі азаматқа еңбек ері атағы берілді. Соның бірі 65 жастағы Владимир Силицких. Ол 40 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар отолоринголог. Сондай ақ айта кету қажет, Владимир Романович лор ағзаларды емдеудің жаңа әдістерін енгізген новатор хирург. Қария қажырлы еңбегінің еленіп жатқанына дән риза.

ВЛАДИМИР СИЛИЦКИХ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ОТОЛОРИНГОЛОГ-ХИРУРГІ :

- Мен құлаққа операция жасайтын органдар енгіздім. Маған дейін оны ешкім жасап көрмеген.  Осындай марапатқа ие болып жатқаныма өте қатты қуаныштымын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына және зейнетке шықсам да сүйікті ісіммен айналысуға рұқсат беріп отырған көпбейінді облыстық аурухана басшыларына ерекше алғыс білдіремін.

Салтанатты жиында нағыз өз ісінің шеберлері ұлықталды. Олар денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп жүрген бүгінгі күннің батырлары. Ермек Сандыбаева да солардың қатарына кіреді. Ол «Денсаулық»  жекеменшік емес комерциялық емханасы директорының орынбасары.  Бүгін ол облыс әкімінің алғыс хаты мен денсаулық сақтау саласының үздігі төсбелгісін алды.

ЕРМЕК САНДЫБАЕВА,  «ДЕНСАУЛЫҚ»  ЖЕКЕМЕНШІК ЕМЕС КОМЕРЦИЯЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Марапаттау рәсімінен кейін, шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНДЕ 700-ДЕН АСТАМ БАЛА ЕМДЕЛДІ
20:40, 13 мамыр 2022
МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНДЕ 700-ДЕН АСТАМ БАЛА ЕМДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар