ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНДЕ 700-ДЕН АСТАМ БАЛА ЕМДЕЛДІ

20:40, 13 мамыр 2022

2021-ші жылдың қазан айында облыстық көп бейінді балалар ауруханасында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімшесі ашылды. Осы күнге дейін бұл жерде жүрек, қан-тамыр, жүйке жүйесі бұзылған 700-ден аса бала ем алды. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту және «Улыбка» балалар қайырымдылық қорларының қолдауымен жүзеге асқан жоба аясында солтүстікқазақстандық балақайларға медициналық қызмет тегін түрде көрсетіледі.

Бұл жобаны жүүзеге асыру үшін  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 80 млн теңге бөлген. Бұл қаржыға ауруханадағы бұрынғы кардиология бөлімшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ультракүлгін кварцты сәулелендіргіш, магнитті-лазерлі терапия аппараты, зияткерлік физиотерапевтік жүйе, швед қабырғасы, науқастарға арналған шынтақ сүйеніштер, аяқ-қолдарды жаттықтыруға арналған тренажерлер, ұсақ моториканы дамытуға арналған бизиборд сынды 50-ге жуық заманауи жабдық пен құрылғылар сатып алынды.

ОЛЬГА КИСЕЛЁВА, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЕМІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бөлімше 28 орынға шақталған. Ал жылына мұнда 700-ден астам балақай оңалтудан өте алады. Ем-дом міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жүргізіледі сондықтан процедуралардың барлығы да тегін.

Бүгінгі таңда бөлімшеде 16 бала ем қабылдап жатыр. Солардың бірі Радмир Ахмаров. 10 жастағы бала омыртқааралық дискінің протрузиясы диагнозымен бірнеше рет неврология бөлімшесінде емделген. Әр 6 ай сайын оңалтудан өту керек.

НАДИЯ АХМАРОВА, РАДМИРДІҢ АНАСЫ:

- Оңалту бөлімшесінде емделіп жатқанымызға 10 күн болды. Осы уақыт аралығында баламның денсаулығы айтарлықтай жақсарды. Қуантарлығы барлық процедуралар тегін әрі бір жерде. Дәрігерлерге алғысым шексіз.

Жалпы, жылда балалардың оңалтудан өтуіне  мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінеді. Мәселен, осы жылға республикалық бюджеттен біздің облысқа 170 млн 670 мың теңге бөлінсе соның 46 млны амбулаторлық және 124 млны стационарлық оңалтуға жұмсалады.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:15, 17 маусым 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...