ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ

13:04, 19 қаңтар 2022

Облыс мектептеріне 75 млн теңгеге санитариялық-дезинфекциялық құралдар сатып алынды. Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін дәстүрлі форматта оқып жатқан сыныптарда санитариялық талаптар қатаң сақталған.  Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін әртүрлі үзіліс уақыты енгізілді. Тілшіміз толықтырсын.

Дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық «Лорд» мектеп-лицейінде 370 оқушы бар. Білім алушылардың сабақтары тек бекітілген сыныпта өтеді. 2  сағат  сайын кабинет желдетіліп, жуылады.  

АНАСТАСИЯ СИМЧЕРА, ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бастауыш,орта және жоғары сынып оқушылары бөлек-бөлек блокторда білім алады. Балалардың дене қызыуын мейірбеке күнде тексеріп,бақылайды. Мектеп ұжымы толық вакциналаудан өткен. Ал оқушылардың тек 21-і ғана пфайзер вакцинасын салдырды.  

Петропавлда 22 мектеп қана қашықтан оқытуға жіберілді. Бұл – 9 мыңнан астам оқушы. Ал Лорд сияқты оқушы саны 600-ге жетпейтін білім ордалары дәстүрлі форматта оқытып жатыр.

МАРИНА ШИРИНСКАЯ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен балалардың мектепте оқығанын қалаймын.  Өйткені оқушылар  бір-бірлерімен араласады. Бұл олардың жеке тұлға ретінде қалыптасыуна септігін тигізеді.Санитариялық талаптар қатаң сақталған.Сондықтан баламның мектепте оқуына қарсы емеспін.

Облыста оқу жылы басталғалы 1250-ден астам оқушы коронавирус жұқтырған. Олардың оны қаңтар айында ауырды. Санитар дәрігерлер өңірдің 62 мектебін жоспардан тыс тексеріп, 18 мектепте тиісті санитариялық талаптардың орындалмағанын анықтады. Жауапты тұлғаларға 1 млн 619 мың теңге айыппұл салынды.

Алмагүл Тастанова

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:15, 17 маусым 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...