Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2022 жылдың 1 тоқсанында республика бойынша шамамен 230 млрд теңге түсті. Соның 90 млрд теңгесін халықтың жеңілдікті санаттары үшін мемлекет аударған. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыссыз жүкті әйелдер және үш жасқа дейінгі баланы күтушілер бар.
МӘМС төлеушілердің тағы бір үлкен санаты жұмыс берушілер. 2022 жылдың 1 тоқсанында олар өз қызметкерлеріне 76 млрд теңге көлемінде жарна аударды. Осы кезеңдегі қызметкерлердің жарналары 52 млрд 3 млн теңгені құрады. Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер 2 млрд 7 млн теңге жарна төледі. Жеке кәсіпкерлердің жарнасы 6 млрд теңгеден асады. Өздігінен төлеушілер 970 млн теңге, өзін өзі жұмыспен қамтығандар 447 млн теңге төлеген. Қор егов.кз электронды үкімет порталында МӘМС бойынша аударылған жарналар мен аударымдар туралы ақпаратты тексеруге болатынын еске салды.