ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ

17:15, 25 қыркүйек 2020

Облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркі жаңа 18 реанимобильмен толықты. Жыл соңына дейін өңірге тағы 20 көлік келеді. Нәтижесінде барлық аудандар қамтылып, жедел жәрдем жетіспеушілігі мәселесі жойылмақшы. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Мына сап түзеген су жаңа заманауи реанимобильдер жедел жәрдем стансасының автопаркін толықтырды. Соңғы 3 жылдың ішінде өңірге осы сынды 6 реанимобиль келген. Биыл олардың қатарына тағы 18-і қосылды. «HYUNDAI» маркілі көлікті Саджан Даиров та тізгіндемек. 12 жыл бойы жедел жәрдем қызметінде еңбек етіп жүрген ол 4 түрлі темір тұлпарда жұмыс істеген.

САДЖАН ДАИРОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ :

- Енді мыналар жақсы. Бәрі жаңа. Вызовқа да еретерек барамыз. Ауырған кісілерге де удобно. Салонның ішінде аппаратура бар.

Жаңа реанимобильдің техникалық базасымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысты. Арнайы көліктер өкпені жасанды желдету аппараттарымен, дефибриляторлармен, электркардиографтармен, оттегі баллондарымен жарақтандырылған. Соңғы 3 жылдың ішінде облыстың денсаулық сақтау саласына 113 млрд теңге бөлінді. Оның 633 млны медициналық ұйымдарға көлік алуға жұмсалды.    

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 10 мың адамға 1 машина керек екен. Бұл әлемдік стандарттарға сай. Қазір 18 көлік келді. Жыл аяғына дейін тағы 20 машина алынатын болады. Жалпы биыл медицина саласына 56 млрд теңге бөлінді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1 жарым есеге көп.

Бұған дейін облыста 41 жедел жәрдем көлігі болған. Оның тек 10-ы ғана заманауи.  

АСХАТ ӨТЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕР:

- Бізде машина жеткіліксіз болды. Облыста тек 76 пайыз жедел жәрдеммен қамтамасыз етілген еді. Енді барлығы 38 машина болған кезде 100 пайыз көлікпен қамтамасыз етілеміз. Қазіргі уақытта облыста 31 бригада жұмыс істеп жатыр. Оның 17-сі қалада. 14-і ауданда.

Айта кету керек, бүгін келген 18 реанимобиль қаланы толыққанды қамтымақ. Кейін облысқа жеткізілетін 20 жедел жәрдем көлігі өңір аудандарына жөнелтіледі. Медициналық көліктер санының артуымен жедел жәрдем бригадалары 50-ге дейін жетпек.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
20:34, 23 қазан 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...