ШҰҒЫЛ! КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

17:15, 18 қаңтар 2021

Облыс тұрғындарына  медициналық қолжетімділік артуда. Өңірге 3ші заманауи  ангиограф құралы әкелінді.  Цифрлы аппарат  инсульт пен инфарктқа күрделі ота жасауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, мұндай  заманауи құрылғы елімізде  санаулы ғана. Арнайы Белорусия елінен тапсырыспен  әкелінген.Бүгін жаңа құрылғының жұмысымен облыс әкімі Қ.Ақсақалов танысты.

Заманауи аппарат көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға ықпал етпек. Бұл құрылғы арқылы бас, жүрек қан тамырлары мен гинекология, онкология ауруларына да  күрделі ота мен эмболизация жасауға мүмкіндік бар. Өткен жылы мұндай құрылғы кардиология орталығына әкелінген болатын. Қазіргі уақытта 1200ге жуық адамның өмірін сақтап қалды. Ал көпбейінді облыстық аурухана мекемесінде іске қосылған бұл жаңа аппаратттың ерекшелігі мен артықшылығы зор.

СЕРГЕЙ РУЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ РЕНТГЕН-ХИРУРГЫ:

- . Заманауи аппарат арқылы тәулік бойы ота жасай беруге болады. Автоматты түрде мұздатылып, бақылау жүйесі де орнатылған.  Қазіргі уақытта біз тек техникалық жағын тексердік. Енді ота жасауға  дайынбыз. Бұл құрылғы дәрігерлердің  жұмысын жеңілдетіп, ең ауыр деген оталарды жасауға мүмкіндік береді.Және бір ерекшелігі дәрігер ота кезінде науқаспен сөйлесе алады. Емделушіге егілетін наркоз мөлшері де біршама аз болады.

Өткен жылы облыстағы медициналық құрылғыларды жаңартуға бюджеттен 12 млрд теңге бөлінген.Өңірдегі КТ аппараттарының саны 6-ау болса, өкпені жасанды желдету құрылғыларына деген тапшылық та азайды. Енді 4ші заманауи ангиограф аппараты жаңа салынып ауруханаға да қойылмақ. Осылайша, облыстағы қажеттілік толығымен жабылады. Әлемдік стандарттарға сәйкес 150 мың адамға 1 ангиографтан келеді екен.

Бұл құрылғының тағы бір ерекшелігі ота кезінде 3д ангиография жасай аламыз.Ол арқылы біз әрбір тамыр мен зардап шеккен органдарды бірден көре аламыз. Және лезде әрекет етіп, асқынудың алдын-алуға мүмкіндік бар.

Заманауи аппарат арнайы Белорусия елінен әкелінген. Және бұл құрылғы әзірге елімізде санаулы ғана. Ал ангиограф аппараты арқылы жасалатын бірегей оталарға  солтүстік өңірде тек Петропавл қаласында мүмкін бар.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жалпы денсаулық сақтау саласына жыл сайын бөлінген қаражат өсуде. Жаңа МРТ, УЗИ аппараттары былтырда, биыл да алынатын болады. Сондықтан денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері де жақсарып жатыр. Мысалы, онкологиядан өлім 13 процентке 19 жылмен салыстырғанда азайды, Инфарктан 10 процентке, және туберкулезбен ауырғандар 36 процентке азайғанын көріп отырмыз. Бұл әрине жаңа оборудованиялардың нәтижесі деп айтуға болады.

Жалпы облыста медициналық құрылғыларды жаңарту мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында 3 жылға жоспарланған. Бөлінген қаражат 495 млн теңгені құрайды.

ҚАБДРАХМАН САҚТАҒАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Осы жылы өңірде 2 компьютерлі томография құрылғысы қойылады. Облыс әкімінің тапсырмасына сай 2аудандық ауруханаға заманауи МРТ, томография аппараттары сатып алынады. Бұл аудан  тұрғындарының медициналық қолжетімділігін арттырып, сапасын да жақсартпақ. Және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 8 жылжымалы медициналық пункте әкелінген. Жыл санап облыс ауруханаларының материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр.

2021 жылы емдеу мекемелеріндегі эндоскопиялық және ультрадыбыстық аппараттар да жаңартылмақ. Сонымен қатар, елді мекендердегі  амбулаториялар қайта қалпына келтіріп, кейбір ауылдарға жаңадан салынатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА  30 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ
17:17, 25 ақпан 2021
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 30 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАР-ЖОҒЫН МОНИТОРИНГ ТОБЫ ҚАДАҒАЛАДЫ
17:15, 24 ақпан 2021
ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАР-ЖОҒЫН МОНИТОРИНГ ТОБЫ ҚАДАҒАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
20:40, 25 ақпан 2021
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
Толығырақ...