ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ОБЛЫСТА 7 МЫҢ АДАМ ВАКЦИНА АЛДЫ

20:40, 7 сәуір 2021

Коронавирус  басталғалы бір мыңға жуық адам инфекциялық ауруханада ем алса, 5700ден астамы провизорлы емханада жатқан. Жалпы науқастардың 700ге жуығының жағдайы өте ауыр болып, жансақтау  бөлімінде жатыпты. Сондай-ақ індет басталғалы 8мыңнан астам өңір тұрғыны амбулаторлық ем алған екен. Қазір  тұрғындарға вакцина егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыста індетке қарсы екпе жеткілікті ме? Және қімдер вакцина ала-алады? Әріптесім Ж.Қайыпова баяндасын. 

Қәзіргі уақытта өңірде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты. СҚО жасыл аймақта. Бүгінгі күні инфекциялық бөлімшеге 630 төсек орын қойылса, ол жерде 216 науқас ем алып жатыр. Бүгінгі күні ауруханалар 33 пайызға толы. Бұл басқа өңірлермен салыстырғанда едәуір жақсы көрсеткіш.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қәзіргі уақытта науқастардың ішінде 17сінің жағдайы ауыр. Ал 8 емделушінің жағдайы аса ауыр. Олар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Өңірде жағдай тұрақты болса да, көрші облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жағдай өте ауыр. Сол себепті де, бізде облыс жасыл аймақта екен деп арқаны кеңге сала алмаймыз.  

Індеттің алдын-алу үшін облыста ақпаннан бастап  вакцинациялау жұмыстары басталды. 1 ақпан күні өңірге 1200 доза әкелінді. Екпе ең алдымен алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне қойылды. Жалпы қәзіргі уақытқа дейін облысқа вакцинаның екі компонентінің де 7000дозасы әкелінген. 6 сәуірдегі жағдай бойынша өңірдің 7000тұрғыны індетке қарсы екпенің 1ші компонентін алған. Ал 2246 адамға толық екі компоненті де қойылды. Айта кетейік, өңірге әкелінген 1200 доза Ресейлік спутник- V вакцинасы болса, қалған 5800і Қарағандылық зауытта шығарылған.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ақпан айында вакцина егу жұмыстары өте баяу жүргізілді. Себебі, өңір тұрғындарының көбі сенім білдірген жоқ. Облыс тұрғындарына тағы да айтарым, екпенің еш зияны жоқ. Бір дозасы екіге бөлініп салынады. Екінші компоненті 21 күннен кейін қойылады. 

Облыста 17медициналық мекемеде індетке қарсы вакцина егу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, қәзіргі уақытта 22 екпе егу кабинеті ашылған. Денсаулық сақтау басқармасы олардың санын 88 ге жеткізуді жоспарлап отыр. Барлық вакцина егу кабинеттері таңғы 9дан кешкі 18,00ге дейін жұмыс істейді. Коронавирусқа қарсы екпе алуға ниет білдірген өңір тұрғындары өзі тіркелген емханаға жүгіне алады.

 

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 900 ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
17:22, 15 сәуір 2021
МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 900 ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИООРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 70% ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
17:20, 15 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИООРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 70% ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...