ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ

20:37, 26 қараша 2021

Соңғы 2 аптада облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1919 жағдайы тіркелді.  Бұл оның алдындағы апталарға қарағанда  5,3%-ға сәл төмендеген.  Алайда кей аудандарда керісінше, жұқтырғандар саны артқан. Денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары кезекті брифингке қатысып, тұрғындарды вакцина алуға және денсаулықтарын сақтауға шақырды.

Күн сайын жұқпалы аурулар ауруханасына 60-қа жуық адам короновируспен түсіп жатады. Бұл алдыңғы көрсеткіштерден төмен болғанымен, қатер әлі сейілген жоқ.   3,5 мың адам ем шараларын амбулаторлы қабылдап келеді.  Шамамен 2 мың медицина маманы қазір короновирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған. Мамандар айтуынша, аурудың таралуының басты екі себеп бар. Санитариялық талаптарды бұзу және вакцинациядан бас тарту.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А. :

- Бүгінге дейін екінші компонентпен 242 702 адам егілді. Олардың тек бір проценті ғана кейін коронавируспен ауырып шықты.  Осы ауырғандардың жартысы ғана стационарда жатты. Қалғандары ауруды жеңіл өткерді.  Вакцина алмаған науқастардың 10183-ші  жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Оның 1549-зы жансақтау бөлімінде жатты.  Өкінішке орай жыл басынан бері 364 адам қауіпті дерттен көз жұмды. 

Нұрлан Аймановтың айтуынша облыста қазір вакцинаның 3 түрі Спутник, казваг пен верасел жеткілікті мөлшерде бар.  Екінші апта 12 жастан асқан жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді, бала емізіп жүрген келіншектердің вакцинациялау жалғасып келеді. Бүгінге дейін олардың  1567 –сі екпе қабылдады. Мамандардың айтуынша барлығының жағдайы жақсы. 

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАСШЫСЫ:

- Құрметті облыс тұрғындары, Сіздердің тәртіптеріңіз бен қабылданған шектеу шараларының арқасында біз аурушаңдықтың өсуін тежей алдық. Шектеу шараларының әсерін жалғастыру үшін, ең алдымен, біз вакцинациялануымыз керек, өйткені вакцинацияланбаған адамдар неғұрлым көп болса, аурудың тарау және жаңа мутациялардың пайда болу қаупі соғұрлым жоғары болады, вакциналар жұмыс істейді, бұл уақытпен дәлелденді.

Ал коронавирусқа қарсы ревакцинациядан мыңға жуық адам өтті.    

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 24 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
17:16, 24 қаңтар 2022
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
17:15, 24 қаңтар 2022
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...