ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ОБЛЫСТА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТОЛЫҚ ВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ

17:17, 2 сәуір 2021

Облыста бүгінге дейін 2 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпені ТОЛЫҚ алды. Вакцина ең алдымен медициналық қызметкерлерге, санитар дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына және енді мұғалімдерге қойылып жатыр.

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың бірі облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Руслан Абетов. Ол індет басталғалы алғы шепте жүрген дәрігерлердің бірі. Ақпан айында алғашқылардың қатарында кви-ГЕ қарсы вакцина алған. Бірінші күні өзімді әлсіз сезіндім, алайда кейін жағдайым жақсарды, дейді ол.

РУСЛАН АБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Елімізде қАзіргі уақытта жаппай вакцина егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мен өзімде алғашқылардың бірі болып екпе салдырдым. Спутник-V вакцинасының тек пайдасы болмаса, зияны жоқ. 22 ақпан күні мен екпенің 2-ші компонентін қойдырдым. Ешқандай ауыртпалық, әлсіздік сезгенім жоқ.

Қәзіргі уақытта СҚО-да 2063 адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған. Олардың барлығының жағдайы жақсы. Жалпы вакцина егілгендердің саны - 4566 адам. Спутник-В вакцинасы ең алдымен дәрігерлер мен полицейлерге және мұғалімдерге қойылды. Келесі кезек, ниет білдірген өңір тұрғындарында.

РУСЛАН АБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің көпбейінді аурухана бойынша қәзіргі уақытта 152 адам вакцина алды.Әлемді жаулаған індетпен дәрігерлер күнде күресіп жүр. Қәзір өңірде жағдай тұрақты. Осы көрсеткішті сақтап қалу үшін барлық өңір тұрғындарын індетке қарсы вакцина алуға шақырамыз.

Жалпы бүгінде өңірде 6670  медицина қызметкері бар. Ал оның 33 проценті вакцина алды. Бұл -2206  адам.

 

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 900 ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
17:22, 15 сәуір 2021
МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 900 ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИООРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 70% ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
17:20, 15 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИООРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 70% ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...