ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ

17:16, 31 наурыз 2020

Облыста кеше түнде  коронавирус індетін жұқтырудың екінші дерегі тіркелді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жұқпалы ауру 1980 жылғы әйел адамнан табылған. Қазіргі уақытта науқаспен қарым-қатынаста болған оның барлық туған-туысы мен жақындары карантинге жатқызылды. Ал індет табылған елді мекен карантинге жабылды.

Індет жұқтырған әйел - Тайынша ауданы Келлеровка ауылының тұрғыны. Мамандардың айтуынша, оны коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болуы мүмкін деп тексерген.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Науқастың коронавирус індетін жұқтырғаны кеше түнде белгілі болды. Қазіргі уақытта онымен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы карантине алынды. Жалпы азаматша ешқайда шықпаған. Ол қазір Петропавлдағы жұқпалы аурулар ауруханасында жеке бокста жатыр.

Келлеровка елді мекені кеше бірден карантинге жабылды. Естеріңізге сала кетейік, облысымызда осыдан 1 апта бұрын індеттің алғашқы дерегі тіркелген болатын. Науқастың  қан сараптамасы қайта тексерілуі үшін Алматы қаласына арнайы зертханаға жіберілген.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен ережесіне сай, кез-келген науқастың сараптама нәтижесі бірінші тексергенде оң болып, екіншісінде теріс шықсада ол коронавирусты жұқтырға азамат болып есептеледі. Себебі, ауру белгілері 1ші немесе 14-ші күні анықтаулы мүмкін.

Өңірімізде әлемді шарпыған індеттің таралуына жол бермес үшін, сәуірдің 1-нен бастап, қалаға кіру және шығу арнайы құжаты барларға ғана рұқсат беріледі. Сонымен қатар, ірі сауда орындары мен балабақшалар да өз жұмысын тоқтатпақ.

ҚАНАТ АЙТБАЕВ, СҚО ПД БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қаламызға кірген және шыққан адамдардың барлығы тексеріліп, арнайы сауалнамадан өтеді. Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғындарының  көпшілігі Петропавл қаласында жұмыс істейді. Сондықтан да, оларға емін-еркін жүре беруге болады. Ал тұрғындар қамы үшін жүрген, тәртіп сақшылары мен құқық қорғау органдарының және медицина қызметкерлері ешқандай тексерістен, сауалнамадан өтпейді.

Жалпы соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 300ден асса, оның екеуі біздің өңірде тіркелді. Және қазіргі уақытта облысымыздағы провизорлық стационарда 44 адам, ал ауруханалық карантинде  30 адам бар.Сонымен қатар, үй карантинінде де 494 адам жатыр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
17:15, 28 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар