ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

13:04, 22 қазан 2021

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 652 адамның жағдайы ауыр. Оның 51-і солтүстікқазақстандық. Шектеу шараларына қарамастан аурудың беті әлі қайтпай тұр. Пандемия басталғы 268 жерлесіміз вирустан көз жұмды, оның 80 пайызға жуығы егде жастағылар.

Коронавирус жұқтырғандар бойынша өңір басқа облыстармен салыстырғанда 5 орында. Тек соңғы тәулікте 159 адам вирусқа шалдыққан. Медальбай Абдрахманов алғашқылардың қатарында коронавирусқа қарсы екпе алды. Нәтижесінде қауіпті инфекциядан  аман.

МЕДАЛЬБАЙ ӘБДІРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРАДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Барлығыңыз көрдіңіздер ғой кісілер сенбеген еді. Ал қазір 10 проценттей ғана қалды сенбейтін адамдар. Көбі сеніп вакцина алып жатыр. Өзім вакцинаны 1 мамырда алған болатынмын. Ол кезде адамдар көп болды, үш жұмадай күттім. Денсаулығым жақсы.

Мүкәрәм Шәкімов облыстық ауылшарушылығы басқармасының ардагерлер ұйымының төрағасы. Ол зейнеткерлерді той-жиындарға барудан бас тартуға шақырады. Бірақ бұл әрекет те вирустан толық қорғамайды. Сондықтан қауіпті инфекциядан қорғанудың бірден бір жолы - екпе алу, дейді қария. Өзі вакцинацияның толық курсынан өтті. Бүгінгі таңда облыстың 500 мыңнан астам тұрғынының  230 мыңы екпенің екі компонентін де алды.

МҮКӘРӘМ ШӘКІМОВ,  ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Енді балаларымн бар, немерелерім бар. Жасымыз әжептәуір келіп қалды. Бәрі вакцина алды. Тойлар көдейді тойларға, батаға да қазір кісілер көп жиналып жатыр соларға байқап бару керек. Бәрі түсінеді. Көп бара бермеу керек. Ондай жерге бармаңдар, шыдадар.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 50пайыза жуық толы. 51 адам жан сақтау бөлімінде. Өңірде пандемия басталғалы 268 адам, соңғы он күнде 20 адам коронавирустан көз жұмды.

Жанбота Есайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ  КЕМІДІ
13:04, 3 желтоқсан 2021
ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ КЕМІДІ
Толығырақ...
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
20:40, 2 желтоқсан 2021
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
17:18, 2 желтоқсан 2021
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...