ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ОБЛЫСТА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

20:40, 8 маусым 2021

Облыста соңғы аптада коронавирустың таралуы екі есе азайған. Осыған байланысты карнтин талаптары жеңілдетілді. 9 маусымнан бастап ойын-сауық орталықтары, боулинг, бильярд, компьютер клубтары, монша, діни нысандардың  және аквапарктердің  жұмысына рұқсат етілді.

СҚО 3 маусымнан бері «жасыл» аймақта.  Өткен тәулікте өңірде  13 адам КВИ жұқтырған. Жалпы облыста 15 мыңға жуық КВИ жағдайы тіркелген.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ- ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Облыста өсумен КВИ 14 918 жағдайы тіркелді. Оның ішінде ауру белгілері бар – 9463 және ауру белгілері жоқ – 5455 жағдай тіркелді.Жағдайлардың жалпы санынан 60% медициналық көмекке жүгінген адамдар арасында тіркелген; 25% байланыста болғандар арасында анықталды. 16% профилактикалық тексеру кезінде анықталған.

9 маусымнан бастап бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енеді.  ойын-сауық орталықтары, боулинг, бильярд, компьютер клубтары, монша, діни нысандардың  және аквапарктердің  жұмысына рұқсат етілді. Дегенмен, адам санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге 4 шаршы метрден болуы шарт.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ- ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бильярд, боулинг, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондарының, батуттардың, компьютерлік клубтардың, аквапарктардың жұмыс істеуіне рұқсат, тек адам санын  30% - дан асырмау қажет. Банкет залдарында адам санын 50-ден асырмай еске алу шараларын өткізуге рұқсат етіледі. Діни нысандардың да толымдылығы 30% аспауы тиіс.

Мәдениет нысандарының 50 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтарына рұқсат етілді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істейді. Спорттық шаралар өткізуге де рұқсат, бірақ адам саны 20% аспауы абзал. Театр, кинотеатр, концерт залдары адам санын 30  %-дан асырмай қызметін жалғастыра алады.

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы түңгі сағат 2-ге дейін ұзартылды. Балалардың сауықтыру лагерлері 100% толымдықпен жұмысқа кіріседі.

Индира АХАТҚЫЗЫ 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
13:04, 9 маусым 2021
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...