ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА

17:24, 14 маусым 2022

14 маусым – Дүниежүзілік донор күні. Бұл күн биыл «Қан тапсыру - ынтымақтастық актісі. Донор бол – өмірге үміт сыйла» ұранымен өтіп жатыр. Облыстық қан орталығында бүгін біреуге өмір сыйлап, қан тапсырып жүрген  донорлар марапатталды.

Донорлық қан – бұл жоспарлы емдеу немесе жедел жәрдем көрсету кезіндегі құнды ресурс. 25 рет донорлық қан тапсырған жанашыр жандар кейін құрметті донор атағына ие болады. Солардың бірі  Қызылжар ауданы, Бескөл ауылының тұрғыны  Андрей Симонов.

АНДРЕЙ СИМОНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

– Алғашында мені бұл жерге қан тапсыруға шақырды. Мен келістім. Адамдарға көмектесу ниетім бар. Бірегуе көмектескен дұрыс. Бұл жердегі қызмет көрсету жоғары деңгейде. Барлығы рахмет айтып, жағдайынды жасайды. Тіпті, карантин кезінде де қоғамдық көлік болмағанда, қызметкерлердің өздері бізді көлікен алып келіп отырды.

Мамандар қанды тұрақты тапсыру қажеттігі туралы еске салады. Өйткені бұл мұқтаж адамдарға дер кезінде көмек беруге мүмкіндік береді.

СВЕТЛАНА ЗАДВОРНАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДОНОРЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ БӨЛІМШЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ М. А.:

Облыста 12 құрметті донор бар. Олардың  2-уі плазма, тағы екеуі тромбоцит және 8-і қан донорлары. Ал жалпы облыс бойынша орташа есеппен алғанда 10 мыңға жуық адам қан тапсырады. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

Облыстық қан орталығына донорларды табуға Қызыл Жарты Ай қоғамы көмектеседі. Олар тұрақты түрде донорларды қан тапсыруға тартады. Қан тапсырушылардың арасында құтқарушылар, өрт сөндірушілер және полицейлер бар.

 СӘУЛЕ ОРАЗОВА,  ҚР ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫНЫҢ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

– Қан тапсырушылар жетіспеушілігі тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде де бар. Стаситика бойынша 1000 адамға - 46 донор болуы керк. Ал Қазақстанда олардың саны бар болғаны 18 ғана. Сондықтан біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп, донорлықты барынша насихаттаймыз.

Дүниежүзілік донор күнінде барлық қан тапсырушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталы. 

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:15, 17 маусым 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНДЕ 700-ДЕН АСТАМ БАЛА ЕМДЕЛДІ
20:40, 13 мамыр 2022
МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНДЕ 700-ДЕН АСТАМ БАЛА ЕМДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар