ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН

20:40, 22 қазан 2020

Облыстың медицина мекемелері мен ақхалаттылар ковид-19 вирусының екінші толқынына дайын. Қауіпті дертпен күрес үшін 640 инфекциялық және карантиндік 280  жатын орын бар. Науқастардың саны көбейіп жатса бұл сан 3400ге дейін көбеймек. Сонымен қатар, 200 орынға шақталған жаңа инфекциялық емхананың құрылысы аяқталуға жақын. Сырқатты жұқтырған науқастарды емдеуге 2300 маман жұмылдырылмақ.

Ковид-19 дертінің әрі қарай таралмауы мақсатында өңірде бірқатар іс-шара қолға алынған. Егер науқастардың саны күрт өсіп жатса оларға ем-дом жасауға 2300 ге жуық медқызметкер тартылмақ. Көптеген мамандар резидентураның соңғы курсында оқып жүргендер. Және де егер жаз мезгілінде облыста 81 тыныс алу аппараты болса, қазіргі таңда олардың саны 121ге дейін жеткен.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Жылдың аяғына дейін тыныс алу аппаратының санын 231ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни қосымша 111 құрылғы келмек. Соның 77-і отандық тауар өндірушілерінен. 40 аппарат медициналық мекемелерге жеткізілді. 37-сі аудандарға жөнелтілмек. Сонымен қатар, қазіргі таңда қараша айының аяғына дейін 3мыңға жуық ПТР тест жасау мүмкін болмақ.

Соңғы екі аптаның ішінде қауіпті вирусты жұқтырғандар 157 адамды құрап отыр. Бір тәулікте шамамен 8-9 адамда ковид-19 вирусы анықталады. Сырқаттанғандардың басым көпшілігі сырттан келгендер дейді мамандар. Мәселен осы бір апта аралығында көршілес мемлекеттерден келген 26 азаматта коронавирус инфекциясы табылған.

АЙНАШ САҒЫНДЫҚОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ-ХАТШЫСЫ:

- СҚО-да барлығы 4326 жағдай тіркелді. Өткен тәулікте 9 адамда тіркелді. 3-і РФның аумағынан келгендер. Өкінішке орай облысымызда 25 жағдай өліммен аяқталды. Біріншіден ағымдағы аптада әкелінген жағдайдың өсімі 4 пайызға өсті. Тестілеу көлемі де өсуде. Өткен аптамен салыстырғанда тестілеумен қамту 5000ға дейін жетті. Ең үлкен үлес 60 және ол жастан асқан адамдарға тиесілі.

Бүгінгі күні жасы 50-ден және 60-тан асқан жерлестеріміз арасында вирусты жұқтыру көрсеткіші өсуде. Наурыз айынан бері 430 бала және 126 аяғы ауыр келіншек ауырған. Бүгінгі күні жүкті 8 әйел ауырып жатыр, ал қыркүйектен бері 30 оқушы ковид-19 вирусын жұқтырған.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Дерт өте ауыр. Сол себепті оны кез-келген адам жұқтырады. Ауру тарала басталғалы бері 126 аяғы ауыр келіншекпен қатар 1 жаңа туған нәресте сырқаттанды. Осы орайда өңірде карантиндік шаралар сол қалпы қалмақ.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері 30 оқушы ковид-19 вирусын жұқтырған. 15-і қашықтан үйлерінде білім алса, 15-і сабаққа қатысқан. Қазіргі таңда бұл балалардың жағдайы тұрақты дейді мамандар.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Бүгінгі күні 26 бала ауырып жатыр. Соңын 13-і жеңіл, 1 орташа дәрежедегі және 12де ауру белгілері жоқ. 14 балақай үйде карантинде болса, 12 облыстық балалар ауруханасында ем алуда. Жүкті әйелдерге келетін болсақ 6 келіншекте сырқат ауыр түрде өтті. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілгендіктен жағдайлары қанағаттанарлық.

Қазанның 16-нан облыс аумағында карантиндік шаралар күшейтілді. Осы ретте демалыс күндері локдаун сақталмақ. Яғни  сенбі-жексенбі күндері жабық жайма базарлары, спорт нысандары, фитнес, бассейндер, білім беру орталықтары мен үйірмелер, қала тұрғындарына қызмет көрсететін және қоғамдық автобустар өз жұмысын тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ саябақтар мен бақтарға, өзен-көлдердің жағасына демалысқа шығуға және кинотеатрларға  өз жұмысын жандандыруға әзірге рұқсат жоқ. Айта кеткен жөн бүгінде 6 ауданның 10 елді мекені карантинге жабық.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КЕЛЕР ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АШЫЛАДЫ
20:44, 23 қараша 2020
КЕЛЕР ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 96 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 23 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 96 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...