ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАС АНА КӨЗ ЖҰМДЫ

20:35, 9 қараша 2021

Облыста  коронавирустан жас ана қайтыс болды. Жүкті әйел қауіпті инфекция жұқтырып, дәрігерлер қолдан келгенше тырысқанымен, келіншектің өміріне араша түсе алмады.  Қайтыс болған жүкті келіншекті коронавирус жұқтырғандықтан 31 аптада босандырып алуға тура келген.  Ауру асқынып, өкпесі қабынған.   Қазір уәкілетті органдар сараптама жүргізеді. Көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімі жағдайында толық көлемде жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралар кешеніне қарамастан, босанғаннан кейінгі кезеңде жүкті әйелдің өмірін өкпенің жаппай зақымдануына байланысты құтқару мүмкін болмапты.  Әйел вакцина алмаған екен. 

ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Жалпы жыл басынан бері 646 жүкті әйел Covid-19 жұқтырды, оның 203-інде ауру асқынып, пневмонияға ұласқан. 58 жүкті әйелді өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға тура келді. 38 әйелді аман алып қалу үшін өмірлік көрсеткіштері бойынша кесарь тілігі әдісімен мерзімінен бұрын босандырылды.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 3 күнде өңірде  коронавирусты жұқтырудың 438 жаңа жағдайы тіркелді. Ең көп ауырғандар Петропавлда. Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында 636 адам ем алса, оның 382-сі тұрақты түрде оттегі аппаратында жатыр.  Жансақтау бөлімінде жатқан 51 науқастың 16-сының жағдайы өтеу ауыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
17:18, 27 қаңтар 2022
МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 407 АДАМ КВИ ЖҰҚТЫРДЫ
13:01, 27 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 407 АДАМ КВИ ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА  318  АДАМДА КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 26 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 318 АДАМДА КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...