ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ МЫҢНАН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ ЕКПЕ АЛДЫ

20:36, 25 қараша 2021

Облыста 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға екпе егу жұмыстары жүріп жатыр. Жасөспірімдер вакцинаны оқу орны бойынша егу пунктерінде ала алады. Ал Солтүстік Қазақстан кәсіптік -педагогикалық колледжінің студенттері бүгін №3 қалалық емханада Covid-19-ға қарсы екпе алды.

Вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Тізім алдын ала жасалады. Өйткені бір құты алты адамға шақталған. Екпе егілмей тұрып әр бала сауалнамадан өтеді, денсаулығы тексеріледі.. Бүгін №3 қалалық емханада Солтүстік Қазақстан кәсіптік -педагогикалық колледжінің 18 студенті Pfizer препаратының бірінші компонентін алды.

Жасөспірімдерді,жүкті және жас аналарды вакцинациялау науқаны басталғаннан бері 3-ші емхананың мамандары 174 адамға екпе қойды. Оның 17-і бала емізетін, 3-і жүкті әйел болса, қалғаны жасөспірімдер.

САЛТАНАТ ТӨРЕҚҰЛОВА, №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

- Екпе екпес бұрын біз алдымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Мектептерге барып ата-аналар жиналысын ұйымдастырамыз. Кейін келіскен ата-аналар жазбаша келесімін берсе балаларға вакцина қоямыз. Вакцинация мектептерде де жүргізіледі. Бригададағы екпе салатын мамандар барлығы оқытудан өткен. Олардың барлығында екпе егуге рұқсат құжаты бар. Сонымен қатар вакцинаны емханамыздың балалар корпусында 217 кабинетте де алуға болады. Егер балада дене қызуы көтерілсе онда ол сабақтан босатылады. Біз оларға анықтама береміз.

Соңғы мәліметтер бойынша қазірдің өзінде 1005 жасөспірім Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды. Сонымен қатар 27 жүкті және 318 бала емізетін әйел  вакцинацияланды.

Айман Кузембаева

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ  КЕМІДІ
13:04, 3 желтоқсан 2021
ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ КЕМІДІ
Толығырақ...
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
20:40, 2 желтоқсан 2021
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
17:18, 2 желтоқсан 2021
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...