ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

20:35, 22 қазан 2021

Соңғы 2 аптада  облыста  короновирусты  1 999 адам жұқтырды.  Өткен тәулікте ғана  159 жаңа жағдай тіркелді.  Науқастардың саны өскен.  Өңірлік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 25 қазаннан бастап шектеу шараларын күшейтуге шешім шығарды. Ашық жобасына қатысушылардың да жұмыс уақыты шектелмек.  

Қазір өңірдің жұқпалы аурулар стационарларындағы 1600 орынның  783-нде короновирус жұқтырған науқастар ем қабылдап жатыр. 51 науқастың жағдайы ауыр.  Мамандардың айтуынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы екпе алушылардың төмендеуінен де туындаған.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Амбулаторлық ем шараларын қазір 2320 солтүстікқазақстандық қабылдап келеді.   «Дельта» штамының таралуына байланысты  науқастарда ауру ауыр өтіп  жатыр.  Вирустың таралуын болдырмаудың бүгінгі жалғыз амалы екпе алу.  Бірінші компонентті  248 мың адам, екінші компонетті 231 мың адам алған. Стационарлық ем қабылдап жатқандардың 65 проценті 60 жастан асқан адамдар. 

Егде жастағы адамдарда созылмалы аурулар жиі кездеседі. Сондықтан зейнеткерлер  вирус жұқтырудың қатер тобына кіреді.  Алайда өңірдіегі 134 мың зейнеткердің тек 18 проценті екпе қабылдаған.  Соңғы екі аптада науқастардың саны 1,7 есеге өсті.  Осыған байланысты өңірлік комиссия 25 қазаннан бастап карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде шешім қабылдады.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- «Ashyq» жобасына қатысатын, оның ішінде «жасыл" мәртебесі бар әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемдеріне сәйкес тыйым салынады: салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар өткізу,адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар, көрмелер, көрермендермен өткізілетін спорттық іс-шаралар жабық үй-жайларда ұжымдық Құдайға құлшылық ету,келушілердің медициналық-әлеуметтік объектілерге  баруына тыйым салуды ұзарту.

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс уақыты сағат 22.00 - ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшыларына сағат 00.00 - ге дейін қысқартылды.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ  КЕМІДІ
13:04, 3 желтоқсан 2021
ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ КЕМІДІ
Толығырақ...
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
20:40, 2 желтоқсан 2021
ВЕТЕРИНАРЛАР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
17:18, 2 желтоқсан 2021
СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...