ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ВАКЦИНА САЛДЫРҒАНДАР САНЫ 300 МЫҢНАН АСТЫ

20:38, 13 мамыр 2022

Коронавирус індетінің беті қайтқанымен, қауіп сейілген жоқ Себебі әлемнің бірқатар елінде вирус өршіп тұр. Осы орайда дәрігерлер вакцинацияның маңыздылығын еске салады. Ковид - 19-ға қарсы вакцинация - бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың жалғыз және сенімді әдісі.

 Өңір бойынша 370 746 адам екпе қабылдауы тиіс, олардың медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ.  Оның ішінен 317 554 адам екпенің алғашқы компонентін қабылдаса,  307 479 адам вакцинация курсынан өткен.   Облыстағы ең жақсы көрсеткіштер Ақжар, Шал ақын, Тимирязев аудандарында тіркелген. Аталған аудандарда халықтың 95 пайыздан астамы екпе алған.Дәрігерлер жүкті әйелдер мен босанған жас аналарға да, жасөспірімдерге де коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес береді. Себебі бұл ауруды жеңуге, ал жұқтырған уақытта жеңіл өткеруге көмектеседі. Қазіргі кезде елімізде екпенің толық курсынан қайтадан өтуге болады.

 СӘУЛЕ МҰСТАФИНА,  ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ:

- Вакцинация - аурудың алдын алуға көмектесетін жалғыз механизм. Бұл әсіресе ана мен баланың денсаулығын қорғауға көмектеседі.Қазіргі эпидахуал тұрақты. Дегенмен біз дәрігерлер коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуға кеңес береміз. Себебі сақтық та қорлық жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:15, 17 маусым 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...