ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕГПЕ АЛЫП ЖАТЫР

17:17, 6 желтоқсан 2021

 

М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде оқушылар белсенді түрде коронавирусқа қарсы екпе науқанына қатысып жатыр. Күн сайын  мектепте шамамен 12 жасөспірім вакцинациялануда.

Елімізде ковид-19-ға қарсы екпе 12 жастан асқан балаларға егіледі. Жасөспірімдер файзер вакцинасын ерікті түрде және ата-анасының келісімімен ала алады. Қазіргі уақытта мектепте 255 адам егілді.

САНИЯ ҚАСЫМОВА, №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДӘРІГЕРІ:

- Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, әрине, вирус өршіп тұрған кезде  ата-аналар балаларының денсаулығы үшін алаңдаулы. Сондықтан болар, қарсы болып жатқандар шамалы. Күн сайын 12 адамға вакцина қойып жатырмыз.

Дәрігердің айтуынша, вакцинаның кері әсері аз. Балаларды вакцинациялау басталғаннан бері М.Жұмабаев атындағы  IT мектеп-лицейде тек үш оқушыда ғана дене қызуы көтерілген. Бахтияр Жүрнаш 8 сынып оқушысы. Екпені өз еркімен және ата-анасының келісімі бойынша қоюды шешіпті.

БАХТИЯР ЖҮРНАШ,  М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Ағам, достарым екпе алды. Олардан қалмай мен де вакцинаны қоюды шештім. Мұндай қауіпті инфекцияға шалдыққым келмейді. 

Бір күнде мектепте 12 адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Оның 6-ы мектепте, тағы жартысы Петропавлдың 3 қалалық емханасында екпе қойдыртты.

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 24 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
17:16, 24 қаңтар 2022
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
17:15, 24 қаңтар 2022
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...